Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет5/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Жастық факторларға
байланысты психиатрияның мынадай салалары 
бӛлінеді: балалар, жасӛспірімдер, геронтологиялық психиатрия болып 
бӛлінеді. Кӛрсетілген әртҥрлі жастық периодында пайда болатын 
психикалық аурулардың клиникалық ерекшеліктері мен әртҥрлі болжамы 
болады. Балалық және жасӛспірім жастағы психикалық аурулар психикалық 
дамудың артта қалуына, жеке бастың психикалық бҧрмалануына әкеліп 
соғады. 
Жастық ерекшеліктеріне қарай психикалық аурулардың алдын-алу мен 
емдеу тәсілдері әртҥрлі болады. Бҧл кезеңдер ерекше психофизиологиялық 
ӛзгешеліктермен ерекшеленеді және жастық криздер деп аталады. 
Психиатрияның ерекше бағыты болып қҧралған 
әлеуметтік 
психиатрия
психикалық аурулардың клиникасы мен болжамының, шығу 
тегінің әртҥрлі әлеуметтік факторларының рӛлін зерттейді. Бҧл бағытқа 
қызығушылық соңғы уақытта кҥшейе тҥсті. 
Емдеу практикасына психотропты заттардың кеңінен енгізілуі 
нәтижесінде психикалық ауруларды ауруханадан тыс жағдайларда 
жанҧясынан және қоғамнан бӛлмей мҥмкіншілігі пайда болды. Психотропты 
терпия басқа да әсер ету әдістерін қолдануға ықпал етті, мысалы психикалық 
аурулардың әлеуметтік және профессиональді активтілігін қалпына келтіруді 
жеңілдететін медико-психологиялық коррекцияны. Дәрілік емді қолдана 
отырып, ауруларға әсер етудің осындай комплексі «реабилитация және 
психикалық ауруладың реадаптациясы» деген атау алды. 


~ 8 ~ 
Медициналық реабилитация
емдеу ҥрдісі ҥстінде мҥмкіндігінше ерте 
басталуы керек. Психотерапия, еңбекке баулу және ӛзге де әсер ету тҥрлері 
тәрізді әдістер қолданған дҧрыс. Психикалық бҧзылыстары айқын, еңбекке 
қабілетсіз ауруларға медициналық реабилитация компенсацияға және
бҧзылған функциялардың қалпына келуіне қатысатын барлық процестерді 
дамыту арқылы ісе асырылуы керек. 
Елімізде аурулардың әлеуметтік-кәсіби реабилитациясы кең масштабта 
жҥргізіледі: психоневрологиялық диспансерлер қарамағындағы емдік 
еңбектік 
шеберханаларда, 
жалпы 
ӛндірістік 
жағдайда 
және 
мамандандырылған цехтарда жҥргізіледі. Аурулар реабилитациясының
практикалық шараларын жҥзеге асыруға тек бӛлімшелік психиатр ғана емес, 
сонымен қатар мекеме басшылары да ат салысуылары керек. 
Науқастың әлеуметтік – кәсіби бейімделуінде жанҧясы ҥлкен рӛль 
атқарады. Аурудың отбасы мҥшелерімен, әсіресе ата-анасымен арақатынасы 
дҧрыс болмауы ремиссия ҥзілісінің себебі болуы мҥмкін. Дәрігер ӛз кеңесі 
арқылы науқас жанҧясының науқасқа деген дҧрыс кӛзқарасын 
қалыптастыруы керек. 
Шетелдік психиатриясы да психикалық аурулардың реабилитациялық 
шараларына ҥлкен кӛңіл бӛледі. Дегенмен негізгі акцент реабилитациялық 
әсерлердің психологиялық мотивіне жасалады. 
Әлеуметтік психиатрия, соның ішінде психикалық аурулардың 
реабилитациясы еңбекке қабілеттілік сараптамасы сияқты маңызды 
практикалық міндеттердің шешілуімен тығыз байланысты. 
Психикалық аурулардың нәтижесінде дамыған мҥгедектік пайызы, 
жалпы мҥгедектілікпен салыстырғанда аз, бірақ психикалық аурулар 
арасындағы мҥгедектіктің басым пайызы ӛте ауыр топтағы мҥгедектер. 
Психикалық аурулардың еңбекке қабілеттілігіне баға беру қиын және 
жауапты міндет. Дәрігер науқастың дертіне медициналық дҧрыс баға беріп 
ғана қоймай, оның еңбекке қабілеттілігінің дәрежесін анықтауға, және 
сонымен бірге қандай жағдайда еңбек ете алатынын анықтауға міндетті.
Психикалық науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау мәселесін 
шешуге ҥлкен ҥлес қосқандар кеңес психиатрлары Т. А. Гейер және Б. Е. 
Мелехов. дерттің болжамын, емнің тиімділігін ескере отырып аурулардың 
еңбекпен қамтамасыздандырылуының маңыздылығын қарастыру еңбектік 
сараптама ҥшін маңызды болып табылатын сенімді критериялар жасап 
шығаруға ықпал етті. Сарапшылар алдында ауруладың еңбекке қабілетілігіне 
баға беру кезінде олардың еңбекке қабілетсіздігінің ҧзақтығы туралы сҧрақ 
туады. Егер аурудың еңбекке қабілетсіздігі уақытша болса, оған басқа 
аурулар кезіндегідей ауруханалық анықтама қағазын береді. Аурухана 
қағазын психикалық ауруларға бергенде оның мерзімі, аурудың еңбекке 
уақытша қабілетсіздігінің ҧзақтығының жалпы ережелерімен анықталады. 
Бірақ негізгі мерзімі 4 ай. Дегенмен бҧл міндетті емес.


~ 9 ~ 
Мҥгедектіктің алдын алу шарасының бірі созылмалы ҧстамалармен 
ауруларды 4 ай ӛтсе де мҥгедектікке кӛшірместен активті емдеу болып 
табылады. 
Кей кезде толық емдеу ҥшін ауруханалық қағазын 2-3 айға созады.
Сарапшыға аурудың еңбекке қабілеттілігі туралы сҧрақты шешу ҥшін 
науқастың әлеуметтік-еңбектік тәртібі жайында мәліметтер керек және 
сараптау кезінде оның клиникалық жағдайына дҧрыс баға беру керек. Мҧның 
бәрі дҧрыс сараптамалық қортынды жасауға мҥмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет