Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет54/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Симптомдардың информативтілігі 
Психикалық ауруларды анықтауда маңызды ақпаратты психикалық 
бҧзылыстардың клиникалық белгілерін, оның симптомдарын ескере отырып, 
талдағанда алуға болады. Симптомдар аурудың туындысы, бір бӛлігі болып 
саналады. Олар ауру туғызатын себептер мен патогенетикалық механизмдер 
әсерінен пайда болады. Ерекшеліктері бойынша симптомдар аурудың жалпы 
және жеке қасиеттерін сипаттайды.
Симптомдар 
динамикасы 
ауру 
дамуының 
тарихын 
қҧрады. 
Симптомдардың қалыптасу заңдылықтары, мазмҧны, жиынтықтары, 
терапиялық әрекеттерге сезімталдығы туралы білімім психикалық ауруларды 
сәтті диагностикалап қоймай, олардың ағымы мен аяқталуы жӛнінде пікір 
жасауға мҥмкіндік береді.
Симптомдардың 
ақпараттық 
кӛлемі 
бірдей 
емес. 
Мысалы, 
галлюцинацияны алсақ, ол ӛте ҥлкен ақпараттық жҥктемеге болып табылады. 
Галлюцинация психикалық аурудың қандай-да бір сатысында клиникалық 
кӛріністі басып тастауы мҥмкін. Ойлау қарқынының жылдамдауы немесе 
баяулауы, қимылдық қозулар, зейін зорығуы және басқа да белгілер жеке 
дара жҥрмейді. Олар ӛздеріне байланысты аурудың белгілерімен 
байланысып, комплекс қҧрамында қаралады.
Симптомдардың диагностикалық маңызы, оның арнайылық деңгейімен 
сипатталады. 
Зейін 
зорығуы 
тәрізді 
симптоммен 
салыстырғанда 
галлюцинация арнайы болып келеді және ақпараттылық дәрежесі жоғары. 
Зейін зорығуы, ҧйқысыздық, бас ауыруы, тітіркенгіштік, кӛңіл-кҥй тӛмендеуі 
және басқа белгілер психикалық ауруларда ғана емес, сонымен бірге 
соматикалық, неврологиялық аураларда да кездеседі. Ал галлюцинация тек 
шектеулі психикалық аурулар қатарына тән.
Жағдайдың индивидуальды ерекшеліктеріне жақын болған сайын, 
симптомдардың арнайылық дәрежесі және диагностикалық мәні соғҧрлым 
жоғары. Кез-келген жалпылама симптомның арнайылығы тӛмен; бҧл 
жағдайда аурудың белгілі бір тҥрі туралы айту қиын. Нақты аурудың ӛзіне 
тән симптомдарының клиникалық кӛрінісі, ӛзіндік ерекшеліктері, сипаты 


~ 100 ~ 
болғандықтан, осы белгілерді танып, білу арқылы ауруларды ажыратамыз. 
Мысалы: неврастенияда, маникальды–депрессивті психозда, церебральды 
атеросклерозда да науқас ҧйқысыздыққа шағым айтады. Алайда, бҧл 
аурулардың ҧйықтамау себебі әрқалай. Неврастенияға тітіркенген әлсіздік, 
шыдамсыздық және басқа да белгілердің пайда болуын анықтайтын ішкі 
тежеудің жеткіліксіздігі тән. Тежелу реакциясының әлсіздігіне байланысты 
ҧйқы беткей болады, ауру болмашы тітіркендіргіш әсерінен тҥні бойы жиі 
оянады. Сондықтан адам дҧрыс тыныға алмай, таңертең тҧрғанда басы 
ауырып, ҧйықтай алмағанына және айналадағы болып жатқанның бәрін естіп 
жатқандығына шағым айтады.
Маникальды – депрессивті психозбен науқас депрессия сатысында тҥні 
бойы кӛз ілмейді. Оларды бір минут болсын ауыр кҥйзелістен қҧтыла 
алмайды: ӛткен ӛмірі қателіктерге толы, қазіргі ӛмірі азапты, болашағын 
перспективсіз кӛреді. Тҥнімен азаптанған науқас осы жағдайынан шығар жол 
таба алмайды, ӛмірден кеткісі келеді. Анестетикалық депрессиямен ауру 
тҥнімен ҧйықтап, оянғанда ӛзін тҥнімен ҧйықтай алмағандай сезінеді. Бҧл 
ауруда ҧйқысыздықтан да басқа тою, ашығу сезімі, қуаныш, қайғы сезімдері 
жоғалады; кейде олар ӛз денесін де сезбейтінін айтады. Церебральды 
атеросклерозбен ауруға барлық психикалық ҥрдістердің әлсіреуі тән, ол 
назардың тҧрақсыздығы, ес жеткіліксіздігі, жан әлсіздігімен кӛрінеді. Зорығу 
реакциялар инерттілігімен бірге жҥреді, бҧл кезде науқас кҥн деңгейінде 
болған оқиғалар, әңгімелер әсерінен ҧйықтай алмайды. Кӛзі ілініп барып, 2 – 
3 сағаттан кейін ҧйқы механизмінің қажуына байланысты оянып кетеді. 
Қайтадан ҧйықтауға тырысады. Ақырында таңғы 6 -7 шамасында кӛзі ілініп, 
іле-шала сағат шырылынан оянып кетеді.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан мынаны байқауға болады, бірдей 
психопатологиялық симптомдар әр ауруда әртҥрлі болады, ӛйткені 
патогенезінде айырмашылық бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет