~ 102 ~
компенсаторлы мҥмкіндіктер сақталып, ол продуктивті белгілердің кӛп
тҥрлілігімен кӛрініс табады. Мидың зақымдалуы неғҧрлым айқын болса,
соғҧрлым психикалық реакция әлсіз және дефицит белгілері анығырақ
кӛрінеді, бҧл органикалық деменцияда максимальды бейнеленген.
Психиатрияда симптомдардың ӛзара әрекеті мәселесі жеткілікті
ӛнделмеген және одан әрі оқып – зерттеуді талап етеді. Симптомдардың
бірлестігі және арақатынасы туралы мәселе «синдромдарды» сипаттайтын
тарауда толығымен қаралады. Аурудың психикалық жағдайын зерттеу
барысында мынаны ескеру керек: әртҥрлі симптомдарды жасанды жолмен
бӛліп-жарамыз, бірақ олар жеке дара, басқа белгілерге байланыссыз кӛрініс
бермейді, оларды жақсы танып білу ҥшін жеке-жеке сипаттаймыз.
Психикалық ҥрдістің қҧрылымына сәйкес қабылдау, ес, ойлау, эмоциональды
сфера және қимыл-еріктік бҧзылыстарын ажыратамыз.
Достарыңызбен бөлісу: