Сабақтың тақырыбы Табиғи және жасанды жолмен алынған заттар



Дата16.12.2021
өлшемі285,33 Kb.
#101901
түріСабақ
Байланысты:
tabii-zhne-zhasandy-zholmen-alynan-zattar


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

7.3С


Мектеп: Екпінді ЖОМ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: М.А.Жунусова


Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Табиғи және жасанды жолмен алынған заттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.3.1 кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарды біледі.

Оқушылардың көпшілігі: табиғатта түзілген және жасанды заттардың айырмашылығын түсінеді.

Оқушылардың кейбірі: табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіреді және оларды анықтайды.

Бағалау критерийлері


1.Табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға анықтама береді және мысалдар келтіреді;

2.Табиғатта түзілген, жасанды және синтетикалық заттарды бір-бірінен ажыратады және күнделікті қолданыстағы нысандарды талдайды.



Дағдылар

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

Лексика мен терминология:

Табиғи заттар, жасанды заттар, синтетикалық заттар, заттардың түзілуі Диалог/жазылымға арналған сөздер/сөздер тіркестері:

Табиғи заттарға … жатады

Физикалық/химиялық құбылыстың нәтижесі … заттар болып табылады

Жасанды заттарды ... үшін алу керек

Синтетикалық заттардың табиғи талшықтармен салыстырғандағы артықшылықтары/кемшіліктері ...



Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету

Жауапкершілік арқылы іске асырылады


Пәнаралық байланыс

Физика- «Физикалық дене», Химия- «Заттың жануы»

Алдыңғы білім

3.2.2.2. Денелер. Заттар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы


Сабақтың ортасы


Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Амандасу» жаттығуы орындалады. «Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!»

Бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынас жасау үшін амандасып алайық.
1) Иықпен /оң, сол/
2) Тіземен /оң, сол/
3) Шынтақпен /оң, сол/

4) Қолмен

Орындарынан тұрып барлығы бір-бірімен айтылған дене мүшелерімен амандасып шығады.

Оқушыларды 4 топқа бөлеміз (Ағаш, алтын, стақан,ойыншық салынған суреттер арқылы).

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Ой қозғау» әдісі қолданылады. Оқушыларға пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, маталардың бірнеше түрлері, ағаш және басқа да табиғи және жасанды заттардың суреттері беріледі. Оқушылардан осы заттарды екі топқа бөлуін және қандай белгі бойынша бөлгендері сұралады.

Талқылаудан кейін оқушыларға кейбір заттар табиғатта, ал кейбіреулері жасанды жолмен алынатындығы нақтыланады.



Оқулықпен жұмыс. 156-158бб аралығын оқу. Оқулықтағы мәтінмен танысып болған соң тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың мәтінді меңгергенін анықтау үшін «Борт журналы» әдісі пайдаланылады.

Терминдер беріледі соған сәйкес суреттер салу ұсынылады:


Түйінді сөздер

Суреттер

  1. Табиғатта түзілген заттар



  1. Жасанды жолмен алынған заттар



  1. Синтетикалық заттар








«Саралау тапсырмалары»:

1-тапсырма: Берілген заттарға анықтама береді. (Көрсетілім үстеліне табиғатта түзілген зат – мақта, жасанды жолмен алынған зат – қағаз қойылады)



Дескриптор: 1. Табиғатта түзілген затқа анықтама

береді.


2. Жасанды жолмен алынған затқа

анықтама береді.



Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі арқылы орындалады

(қызыл түс-түсінбеймін, сары түс-толық сенімді емеспін, жасыл түс-барлығы түсінікті)


2-тапсырма: Табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысал келтіру және салыстыру кестесі беріледі. Кестені толтыру ұсынылады.

Табиғатта түзілген заттар

Жасанды жолмен алынған заттар






Дескриптор:

  1. Табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға бірнеше мысалдар келтіреді.

  2. Аталмыш заттарды бір-бірімен салыстырады.


Кері байланыс: «Жемістер» әдісі арқылы жүргізіледі

3-тапсырма. «Эксперимент» әдісі арқылы

табиғи және жасанды талшықтарға тәжірибе жасау.



  1. 3-4 сантиметрдей жіп кесіп ал

  2. Қысқышпен жіпті шырақ отына жақындатып, жылдам тартып ал.

  3. Бақыла: жіп жана бере ме немесе сөніп қалады ма?

  4. Жіп жанып біткен соң:

а) жіптің жанған бөлігі қандай күйде екенін қара;

ә) жіп жанған кезде қандай иіс пайда болғанын байқап көр;

5. Заттың түрін анықтап кестені толтыр:


Заттың түрі

Жану сипаты

Иіс

Қалдық

Табиғи













Жасанды













Синтетикалық














Дискриптор: 1. Заттардың түрін анықтайды.

2. Заттарды сипаттайды.

3. Заттарды бір-бірінен ажыратады.

4. Кестені толтырады.

Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі арқылы жүргізіледі




Ағаш, алтын, стақан, ойыншық салынған суреттер


пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, маталардың бірнеше түрлері, ағаш және басқа да табиғи және жасанды заттардың суреттері
оқулық

Суреттер

Оқулық

Мақта, қағаз

Бағдаршамның түстері

Кесте

Жемістер суреттері

Қысқыш, маталардың жіптері, сіріңке, шырақ





Сабақтың соңы


«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардан жалпы сабаққа рефлексия алынады



Таратпа қағаз



Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Оқушылардың қабылдау қабілеттеріне қарай саралап түрлі тапсырмалар беріледі. Эксперимент әдістерін пайдалану арқылы және өз беттерімен қорытынды шығару тапсырмаларын қабілетті оқушылар орындап береді.



Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Бағдаршам» әдісі, «Басбармақ» әдісі «Жемістер»әдісі, «Бес саусақ» әдісін қолданамын.



Пəнаралық байланыс

Физика,


Химия


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:


2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырмас абақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?



1:

2:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет