~ 180 ~
реакция ретіндегі ортостатикалық коллапс, артериальды гипотония,
тахикардия және т.б. атауға болады (бҧлар аминазин және тизерцинмен
емдегенде айқын кӛрініс береді). Аталған қҧбылыстардың барлығы дәрі
мӛлшерін азайтқан кезде тӛмендейді. Жиі сҧйықтық қабылдау (бір-екі
жҧтым), ауызды және мҧрын кілегей қабықтарын шабдалы не зәйтҥн
майымен жалату, ауызды сумен шаю ҧсынылады. Ортостатикалық
қҧбылыстар
кезінде кофеин, кордиаминді енгізіп, тӛсектен тҧрғызбайды.
МАО ингибиторлары немесе басқа антидепрессантарды мӛлшерден кӛп
қабылдаған кезде артериальды қысым кӛтеріліп, жҥректің жиі соғуы, бас
айналу байқалады. Антидепресантарды қабылдауды тоқтатып, 2-3 кҥн
тӛсектік тәртіп, тәулігіне 25-50 мг аминазин инъекциясы, витаминді терапия
жҥргізілуі керек. Психотропты дәрілер асқазан-ішек жҥйесіне де кері әсер
етіп, гастрит, энтерит, колит, тәбеттің бҧзылуы, гингивит, стоматит
байқалады. Бҧл аталғандар аллергиялық негізде дамуы мҥмкін. Егер
аллергиялық
немесе
токсико-аллергиялық
гепатит
байқалса,
психофармакологиялық терапияны тоқтату керек.
Аллергиялық реакциялар
терідегі бӛртпелер (есекжем, дерматит, экзема және т.б.), ісінулер, артриттер
тҥрінде кӛрініс береді. Барлық аллергиялық реакциялар дәрігердің қатаң
бақылауын талап етеді. Фенотиазиннің алифатикалық туындыларын
тағайындағанда тромбоздарға бейімділік байқалады, ал нейролептиктермен,
антидепрессанттармен ҧзақ уақыт емдеу қандағы ӛзгерістерге әкеледі:
анемия, лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения. Мҧндай
патология
емге салыстырмалы немесе абсолютті қарсы кӛрсеткіш болып табылады.
Эндокринді ӛзгерістер (менструальды цикл, либидо ӛзгерісі, аменорея,
гинекомастия, лакторея), кӛру мҥшелері тарапынан ӛзгерістер (аминазин
немесе тизерцинді ҧзақ қолданғанда миоз, мидриаз, аккомодация бҧзылысы,
мҥйізді қабат пигментациясы, тиоризадинмен емдегенде ретинопатия) болуы
мҥмкін.
Неврологиялық жанама әсерлер
экстрапирамидалық қҧбылыстарға
байланысты.
Бҧл
гипокинетикалық,
гиперкинетикалық
немесе
дискинетикалық бҧзылыстар болуы мҥмкін. Гипокинетикалық бҧзылыстар
паркинсонизм қҧбылыстарымен байланысты және бҧлшық ет ригидтілігімен,
сіресумен, қимылдың баяулауымен кӛрінеді. Науқастардың бет-бейнесі
маска тәріздес, кӛз жыпылықтауы сирек, кӛзі кеңінен ашылған, қарашықтары
тарылған, саливация жоғары, беті майланған,; тремор, қуыршақ жҥрісі
бақыланады. Гиперкинез бҥкіл дененің бҧлшық еттерін немесе жеке бҧлшық
ет топтарын, мысалы, тіл, мойын, кӛз айналысындағы және т.б.
қамтуы
мҥмкін. Акатизиялар – бір орында отыра алмау жиі байқалады. Дискинезия
моторлы криздермен жҥреді (экситомоторлы криздер, торсионды спазм және
т.б.). экстрапирамидалық бҧзылыстар кезінде негізгі емді корректорларды –
антипаркинсондық заттарды, ноотроптарды бірге тағайындаумен жҥргізеді;
криздер кезінде кофеин, В тобы витаминдері, седуксен инъекциясы
тағайындалады.
~ 181 ~
Психикалық жанама әсерлер психотропты дәрі-дәрімектердің кӛп
мӛлшерін қолданғанда пайда болады. Нейролептиктермен емдеу барысында
нейролептикалық депрессия жиі байқалады. Дәрінің мӛлшерін азайту,
ноотроптар мен антидепресанттарды тағайындау науқас жағдайын
жеңілдетеді.
Ынталандырушы
антидепрессанттарды,
әсіресе
МАО
ингибиторларын қолдану кезінде депрессия жағдайынан маниакальды кҥйге
ауысу орын алады, сондықтан нейролептиктер немесе литий препараттарын
тағайындау қажет болады. Нейролептиктерді антидепрессанттармен,
стимуляторлармен және антипаркинсондық дәрілермен (барлығын ҥлкен
дозада) біріктіруде дәрілік делирий дамиды.
Емдеуді тоқтатып,
дезинтоксикациялық терапия ӛткізу қажет; транквилизаторлар тағайындау
кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: