~ 118 ~
білмеймін. Ӛзім кӛлдің жағасына келдім. Қыздар айналамда тҧр. Надя мені қҧшақтап
жылап тҧр. Мен суға малынғанмын: менің ҥстіме су қҧйған ба, әлде зәр жіберіп
қойғанмын ба... Содан бері ҧстамамен ауырамын.»
Ойлаудың патологиялық байымдылығы, эпилепсиялық ақыл кемдігіне
тән, сонымен қатар, эпидемиялық энцефалиттің кеш кезеңінде, ОЖЖ-нің
басқа да органикалық ауруларында байқалады.
Р
езонерлік –
танымдық мағынасынан айырылған бос, ӛнімсіз пікір.
Шизофренияда бақыланады, бҧл дерттің бҧрыннан бері келе жатқандығының
белгісі. Мысал ретінде науқастың дәрігермен әңгімелесуінен ҥзінді
келтірейік.
Сҧрақ: Сіз ӛзіңізді аурумын деп санайсыз ба?
Жауап: «Бҧл дертті жағдайды қалай тҥсінуге байланысты. Ауру деген – тіршіліктің
бір тҥрі, ал тіршілік ету - ӛмір сҥру, яғни аурудағы ӛмір, ӛмірдің бір белгісі. Ауырмай ӛмір
сҥруге болады, ал ӛмір сҥрмей ауыруға болмайды. Аурудың зардабы тереңдеген сайын,
ӛмір сҥру сезімі де қиындайды. Мен ешқандай зардапты сезінбеймін, осыған байланысты,
мен ауру емес болғаныммен ӛмір де сҥрмеймін. Менің ӛмірім ағзаның бҧзылмаған
физиологиялық бӛлінділеріне сай келеді
.
Ойлау ҥзілуі
- сӛйлемнің грамматикалық қҧрылымының сақталуымен
тҥсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Науқастың сӛзін
мысалға келтірейік:
«Сіздің ҥлкен ынтаңызды біле отырып, осы кӛзқарасыңызға толық қосыла отырып,
мен жақын жатқан сӛре деңгейіне дейін тӛмендей аламын. Бірінші және екінші жағдайда
да дҧрыс болар еді, себебі аспанға тек бір саусақпен жету қиын»
Мҧндай жағдайда сӛйлем ӛзінің коммуникациялық қасиетін жояды,
адамдар арасындағы қарым-қатынас қҧралы ретіндегі қасиетін жоғалтады,
тек ӛзінің сыртқы тҥрін сақтап қалады. Ой ҥзілуі шизофренияның кӛп жылғы
ҥрдісінде бақыланады.
Достарыңызбен бөлісу: