Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет69/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Патологиялық байымдылық
- бір ойдан екіншіге ауысуының 
қиындауымен, ойлаудың аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас 
маңыздысын екінші дәрежелі мәнділіктегі ойдан ажырата алмайды, 
детальдардан шыға алмайды, бір орында тҧрып қалады, негізгі тақырыбынан 
бӛлек басқа тақырыпқа ауысып кетеді, біраз уақыттан кейін қайтадан сол 
тақырыпқа келіп, артық ассоциациялармен қайта кӛңілі бӛлінеді. 
Эпилепсиямен науқастан ҧстама қалай ӛтеді деп сҧрағанда науқас былай жауап 
береді: « Оқиға жазда болды, біз қыздармен тоғайға саңырауқҧлақ теруге келіскенбіз, мен 
кештен бастап жинала бастадым, уайымдап тҥнімен ҧйықтай алмадым. Оянсам әлі тҥн 
екен», «тҧрсам ба екен» деп ойладым, тҧрдым сыртқа шықсам сиыршы Иван Васильевич 
уақытында сиырларды жинап жатыр екен. Бҧл сиыршының ӛткен кҥзде әйелі уланып 
қайтыс болды, ҥйлерінде ешкім жоқ еді. Әйелі пештің ҥстіне шығып жатқаннан тҧрмай 
қалған. Иван Васильевич қызы Надя, менің досыммен жалғыз қалды. Қалай мен Иван 
Васильевичті кӛрдім, солай басым қатты ауырды. «Сен неге сонша асығасың» - менің 
Надеждам әлі тӛсегінен тҧрған жоқ» - деді. Мен жҥгіріп Надяға барсам шынымен ол 
тҧратын ойы жоқ, заттарын жинастырмаған, етігін, себетін іздеп жҥр екен. Мен одан 
сайын толқып кеттім. Басқа қыздар келді, ол әлі жҥр. Тоғайға келдік, мен 
саңырауқҧлақтар іздеп жҥріп, Қара алаңқайға қалай шыққанымды білмей қалыппын. 
Бҧрын бҧл жерде хутор болған, соғыс кезінде ол ӛртеніп кеткен. Бҧл жердің айналасында 
кҥйген ағаштар әлі кҥнге дейін тҧр. Сондықтан бҧл жерді Қара алаң деп атайды. 
Қараймын ӛз кӛзіме ӛзім сенбеймін: барлық ағаштың тҥбінде саңырауқҧлақтар ӛсіп тҧр. 
Мен жҥгіріп барып алуға еңкейіп едім, барлығы да жоғалып кетті де әрі қарай ештеңе 


~ 118 ~ 
білмеймін. Ӛзім кӛлдің жағасына келдім. Қыздар айналамда тҧр. Надя мені қҧшақтап 
жылап тҧр. Мен суға малынғанмын: менің ҥстіме су қҧйған ба, әлде зәр жіберіп 
қойғанмын ба... Содан бері ҧстамамен ауырамын.» 
Ойлаудың патологиялық байымдылығы, эпилепсиялық ақыл кемдігіне 
тән, сонымен қатар, эпидемиялық энцефалиттің кеш кезеңінде, ОЖЖ-нің 
басқа да органикалық ауруларында байқалады.
Р
езонерлік – 
танымдық мағынасынан айырылған бос, ӛнімсіз пікір. 
Шизофренияда бақыланады, бҧл дерттің бҧрыннан бері келе жатқандығының 
белгісі. Мысал ретінде науқастың дәрігермен әңгімелесуінен ҥзінді 
келтірейік. 
Сҧрақ: Сіз ӛзіңізді аурумын деп санайсыз ба? 
Жауап: «Бҧл дертті жағдайды қалай тҥсінуге байланысты. Ауру деген – тіршіліктің 
бір тҥрі, ал тіршілік ету - ӛмір сҥру, яғни аурудағы ӛмір, ӛмірдің бір белгісі. Ауырмай ӛмір 
сҥруге болады, ал ӛмір сҥрмей ауыруға болмайды. Аурудың зардабы тереңдеген сайын, 
ӛмір сҥру сезімі де қиындайды. Мен ешқандай зардапты сезінбеймін, осыған байланысты, 
мен ауру емес болғаныммен ӛмір де сҥрмеймін. Менің ӛмірім ағзаның бҧзылмаған 
физиологиялық бӛлінділеріне сай келеді
.
Ойлау ҥзілуі
- сӛйлемнің грамматикалық қҧрылымының сақталуымен 
тҥсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Науқастың сӛзін 
мысалға келтірейік: 
«Сіздің ҥлкен ынтаңызды біле отырып, осы кӛзқарасыңызға толық қосыла отырып, 
мен жақын жатқан сӛре деңгейіне дейін тӛмендей аламын. Бірінші және екінші жағдайда 
да дҧрыс болар еді, себебі аспанға тек бір саусақпен жету қиын»
Мҧндай жағдайда сӛйлем ӛзінің коммуникациялық қасиетін жояды, 
адамдар арасындағы қарым-қатынас қҧралы ретіндегі қасиетін жоғалтады
тек ӛзінің сыртқы тҥрін сақтап қалады. Ой ҥзілуі шизофренияның кӛп жылғы 
ҥрдісінде бақыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет