Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет65/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
 
Ӛткен тәжірибені қайта жаңғырту бҧзылысы 
Ӛткен тәжірбиені қайта жаңғырту (репродукция) бҧзылысы фиксация 
және ӛткенді есте сақтау бҧзылысында ҥнемі кӛрініс береді. Бірақ 
мнестикалық ҥрдістің осы звеносының біріншілік зақымдалуы болуы мҥмкін. 
Церебральды атеросклерозбен ауыратын науқаста ӛз естеліктерін басқару 
қабілеті бҧзылады; жауапты жағдайда қажеттіні еске тҥсіре алмайды: есім, 
атаулы кҥндерді, нақты атауларды. Белгілі бір уақыт ӛткеннен кейін, оның 
қажеті болмаған кезде бҧл мәліметтер оңай еске тҥседі. 
Еске тҥсірудің барлық бҧзылыстарын сандық, сапалық және таныстық 
(кӛзге таныс) сезімінің бҧзылыстарына бӛледі. 
Еске тҥсірудің сандық бҧзылыстары 
Еске тҥсірудің сандық бҧзылыстары гипермнезия және гипомнезия 
болып бӛлінеді. 
Гипермнезия,
жоғарыда аталып ӛткендерден басқа маниакальды және 
гипоманиакальды 
жағдайлардағы 
ассоциативті 
тежеусіздік 
кезінде 
бақыланады. 
Гипомнезия,
жалпы (тотальды) және аралшықты (лакунарлы) 
амнезияларға бӛлінеді. Тотальды гипомнезияны әріптері ӛшкен, оқуға қиын 
кӛне кітаппен салыстырады, амнезия- жыртылып тасталған кітап беттері 
сияқты. 
Гипомнезия кезінде Рибо заңына тәуелді дамитын жалпы еске 
тҥсірудің жетіспеушілігі байқалады. Гипомнезияның ауыр жағдайында соңғы 
жылдарда және он жылдықтарда болған жағдайларды еске тҥсіру мҥмкін 
болмай қалады. Бҧл, уақыттың кеш кезеңінен ерте кезеңіне қарай ес ыдырауы 
үдемелі амнезия
деп аталады. 
Аурудың зақымдаушы әсеріне ертеде қабылданған жҥйелі ғана емес, 
неғҧрлым автоматтандырылған тәжірибе қарсы тҧра алады: есту және кӛру 
жадысына қарағанда моторлы және эмоциональды жады тҧрақтырақ болады. 
Бҧл симптоматика кәрілік ақыл кемдігі, Пик және Альцгеймер ауруларында 
кӛрінеді. 
Амнезия ішінде антеро және ретрогродты амнезияны бӛлеміз. Бас-ми 
жарақатына дейін бірнеше минут, кҥн апта ішінде болған (инсульт, 
эпилепсиялық ҧстама, улану және т.б) оқиғалардың естен жоғалуы 
клиникалық тәжірибеде 
ретроградты амнезия
деп аталады. Бас-ми 
жарақатынан кейінгі болған оқиғалардың естен жоғалуы
антероградты 
амнезияға
тән. Ретроградты немесе ретроантероградты амнезия Корсаков 
синдромының бір белгісі болып табылады. 
Бір кісі мотоциклмен келе жатып, оны қаладан 78 км қашықтықта жҥк 
машинасы қағып кетеді. Бас-ми жарақатынан кейін ол 64 км-ге дейінгі 
болған жағдайды және жарақаттан кейінгі бірнеше сағатта болған 


~ 114 ~ 
жағдайларды ғана есіне тҥсіре алды. Жарақаттан кейін мидың 
функциональды қабілеті ӛзгерген, сондықтан адам ӛз-ӛзіне келіп, сыртқы 
ортада ӛзін дҧрыс ҧстаған жағдайда да ақпарат біраз уақыт аралығында 
мимен бекітілмеуі мҥмкін. 
Бірақ естен 14 км жол оқиғасының шығып кетуі, бҧл кезең ізі есте 
мығымдалып ҥлгермегендігінің дәлелі,сондықтан жарақат әсерінен ӛшіп 
қалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет