Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет67/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Таныстық сезімінің бҧзылысы 
Ес бҧзылыстары симптомдарының ішінде ерекше топ таныстық 
сезімінің бҧзылуы болып табылады. Аталған бҧзылыстар психопотологияда 
шекаралық бҧзылыстарға жатады. Олар сау адамдарда, мысалы, кӛңіл-кҥй 
ӛзгерістерінде, және психикалық науқас адамдарда да байқалады. Таныстық 
сезімінің бҧзылуы симптом ретінде қабылдау бҧзылысы шеңберінде де 
қарастырылуы мҥмкін, ӛйткені заттарды тану бҧзылады, және эмоциональды 
бҧзылыстар шеңберінде қарастыруға, сана бҧзылысымен де байланыстыруға 
болады. 
Бұрын көргендік симптомы
(déjà vu – француз авторлары бойынша) 
және 
ешқашан көрмегендік симптомдарын
(jamais vu) ажыратамыз. 
Бұрын 
көргендік симптомы
кезінде адам ӛмірінде алғаш қабылдап тҧрғанын бҧрын 
болған оқиға тҥрінде қабылдайды. Бҧл сезімнің қате екенін тҥсінеді. 
Мысалы, қандай да бір қалаға алғаш келген адам осы қалада ӛзін бҧрын 
болғандай сезінеді. 
Ал 
ешқашан көрмегендік симптомы
кезінде адамға жақсы таныс 
қандай-да бір зат бӛтен, алғашқы рет кӛріп тҧрғандай сезім тудырады. Бҧл 
жағдайда критика сақталады, бҧзылыс екенін жоққа шығармайды. Мысалы, 
адам ӛзінің бӛлмесіне кірген кезде, ӛзінің бӛлмесінің ерекшеліктерін біле 
тҧра, танымауы мҥмкін. 
Таныстық сезімінің бҧзылуы жиі психосенсорлы бҧзылыспен бірге 
жҥреді 
және 
дереализация 
және 
деперсонализация 
синдромдары 
қҧрылымында кӛрініс береді. Бҧл бҧзылыстарды ең алдымен энцефалит, ми 
ісігі, 
эпилепсия, 
шизофрения, 
маникальды-депрессивті 
психозбен 
науқастардан іздеу керек. 
Ойлау бҧзылысы 


~ 116 ~ 
Ойлау - адам санасында объективті шынайылық бейнеленуінің ең 
жоғарғы формасы. Бҧл шындықты сӛз және білімге сҥйеніп сипаттайтын 
қҧбылыс. 
Ойлау әлемді сезімдік тану және адамдардың тәжірибелік қызметімен тығыз 
байланысты. Қабылдау актында заттың жеке қасиеті мен бҥтін затты, қҧбылыстарды 
бейнелейтін сезімдік тҥсінуден ойлау ҥрдісінің айырмашылығы, ол табиғат 
заңдылықтарына сәйкес тҥрде заттар мен қҧбылыстар арасындағы ішкі байланысты 
бейнелейді. Ойлау ҥрдісінде адам заттың мәнін тҥсінеді, тікелей қабылдаудан тыс 
орналасқан сыртқы ортаның ӛзге тарапын ашады. Адам ой арқылы қоршаған ортаға 
белсенді әсер етеді. Адамдар тәжірибелік қызмет нәтижесінде жаңа білім қорын игереді, 
жаңа тҥсініктер, ескі тҥсініктерді ӛзгертеді. Осылайша танымдық ортақ ҥрдіс жалпы 
заңдылыққа бағынады: сезімдік таным арқылы адам рационалды ойлауғ кӛшеді, ал одан 
тәжірибеге және шындыққа қол жеткізеді. 
Ойлау негізі - тҥсінік болып табылады. Тҥсінік – заттардың ӛзіне тән қасиеттері 
туралы жалпылама білім. Ойлау ҥрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, 
салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Тҥсінік пікірден туып, тіл, сӛз арқылы 
кӛрінісін табады. 
Көркемдік-әрекетікт, 
нақты-бейнелі, 
абстрактылы-логикалық 
ойлау
ажыратылады. Адамның -ӛніп-ӛсуі және оның психикалық ҥрдістерінің дамуына 
байланысты сӛз формасында емес, басым сыртқы әрекеттермен іске асатын кӛркемдік-
әрекеттік /қимылдық/ ойлау нақты-бейнелік ойлауға орын береді. Абстрактылы - 
логикалық немесе тҥсініктік ойлау ересек адамға тән. Ол білім мен дағдылардың толық 
дамуын, сонымен қатар сӛйлеу қабілетін игеруді білдіреді. Ойлаудың бҧл тҥрі ӛте тиімді 
және терең болып саналады. Оның сферасына тҥсінік, пікір, символика, ой тҥйіндеу 
кіреді. 
Ойлау сау адамдарда ойлар арасында байланыс тҥзілуімен жҥреді. Қалыпты 
жағдайда да бір ассоциация шекараластығы, ҧқсастығы, контрастылығына байланысты 
екінші бір ассоциацияны туындатады. Шекараластық бойынша ассоциация: нақты затпен 
(ситуациямен) кездескенде адам осы бір затпен немесе жағдаймен орын және уақыты 
бойынша байланысты басқа заттар немесе жағдайлар жӛнінде ойға кетеді. Одан да кҥрделі 
ҧқсастық бойынша ассоциация сӛздік ойлау негізі болып табылады. Бҧл кезде әр тҥрлі 
қҧбылыстарға тән ортақ белгілерді табу, олардың арасындағы ҧқсастықтарды анықтау, 
осы белгілер бойынша қабылданған және сақталған мәліметтерді біріктіру болып 
табылады. Контрасты бойынша ассоциация: ақ – қара, жақсы – жаман, ақылды – ақылсыз, 
т.б. 
Ассоциативті ҥрдіс ассоциациялардың ретпен пайда болуымен, мақсаттылығы 
және белгілі бір жылдамдықта жҥруімен сипатталады. 
Патологиялық жағдайда ассоциативті ҥрдіс бҧзылуы мҥмкін немесе ой 
арасындағы байланыстар бҧзылады немесе жоғалады, бҧл ойлаудың формасы 
бойынша бҧзылуы. Кейбір ауруларда ой тҧжырымдау ҥрдісі бҧзылады, 
логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмҧны бойынша 
бҧзылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет