Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Еске тҥсірудің сапалық бҧзылыстары



Pdf көрінісі
бет66/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)
2019-Patient-Leaflet russian-PRESS, Brown Monochrome Simple Minimalist Mobile-First Presentation, Обучение в Японии1130183237-166819085CC9B59F79C4889, 5000 7000 English words
Еске тҥсірудің сапалық бҧзылыстары 
Еске тҥсірудің сапалық бҧзылуы (дисмнезия, парамнезия) - естеліктер 
мазмҧнының ӛзгерісі болып табылады. Бҧл қҧбылысты феноменологиялық 
зерттеу кезінде псевдореминисценция және конфабуляцияны бӛлеміз. 
Псевдореминисценцияны ес иллюзиясы деп те атайды. Бҧл болған 
оқиғаның уақытын немесе орнын қате есіне алу. Психиатриялық ауруханада 
айлап жатқан ес бҧзылысымен науқасқа «бҥгінгі кҥнді қалай ӛткіздің?» деген 
сҧраққа олар ҥйде болғанын «қандай жҧмыспен айналысқанын есіне тҥсіріп, 
толық айтып береді». Бҧл жерде науқастың кҥн сайынғы шаруасы жӛнінде 
сӛз болып тҧр, мҧның барлығы ауруханаға тҥспестен бҧрын болған оқиғалар. 
Конфабуляция кейде ес галлюцинациясы деп те аталады. 
Конфабуляция кезінде жадыдан тҥсіп қалған оқиғаларды науқас шын 
мағынасында болмаған оқиғалармен толықтырады. Инсульттан кейінгі 
науқас ӛзінің ӛткен аптада таудан космосқа ҧшқанын, яғни космоста аяқ 
киімін ҧмытқанын есіне тҥсіреді. Конфабуляциялар ӛз фабуласы бойынша 
шындыққа жанасуы мҥмкін немесе айқын фантастикалық сипатта болуы 
мҥмкін. 
Қазіргі кезде ес бҧзылысының сапалық тҥрлерінің барлығын 
конфабуляция деп атауға тенденция бар, ӛйткені тәжірибеде ес иллюзиясы 
мен галлюцинациясын ажырату ӛте қиын. Кәрі адамдар кейде тҥс кӛрулерін 
шынайы ӛмірмен шатастырады. Осыған ҧқсас жағдай Ф.М. Достоевскийдің 
«Дядюшкин сон» пьесасында суреттелген. 
Конфабуляция психиканың потологиялық ӛнімінің нәтижесі болып 
табылады. Ол гипомнезия фонында мидың органикалық ауруларында 
кездеседі (орталық жҥйкесінің жҥйесінің қантамырлық зақымдалулары, 
жарақаттық, интоксикациялық, инфекциялық ауруларында). Фиксациялық
антеро-ретроградты амнезиялар бірігіп 
Корсаков синдромының
триадасын 
қҧрайды. Конфабуляциялар мнестикалық функция жеткіліксіздігімен бірге 
жҥретін психоздық жағдайларда да бақыланады. Шизофрениямен науқастар 
кей жағдайда қиялдан шыққан жайттар жӛнінде әңгімелейді (әдетте 
фантастикалық сипатта). 
Псевдореминисценция негізінде кейде экмнезия қҧбылысы дамиды. 
Экмнезия 
- науқастың ӛткен ӛмірі. Ӛткен жылдар оқиғаларын науқас қазіргі 
уақытта болып жатқандай уайымдайды. Ӛзінің, туыстарының және 
таныстарының жас мӛлшерін, айналада және ӛзімен болып жатқан 
оқиғаларды осы кезеңге сәйкестендіреді. Қарттық ақыл кемдігімен науқастар 


~ 115 ~ 
ӛздерін 40, 30, 18 жастамыз, кішкене баламыз бар, семья қҧрамыз және 
қайтыс болған жақындары хат жазады немесе соғыс кеше ғана бітті деп 
айтады.
Экмнезия қҧбылысы кәрілік психозда, истерияда, шизофренияның 
соңғы сатыларында бақыланады. Экмнезия - кҥрделі психопатологиялық 
тҥзіліс. Бҧл кезде соңғы жылдарда және ағымдағы болып жатқан 
оқиғалардың есте сақталмауымен қатар, бҧрын болған оқиғаны осы шаққа 
ауыстырып айтумен гипермнезия, уақыт бойынша бағдарлау бҧзылысы және 
уақыт аралығында ӛзін адастыру, ой тҥйіндеу бҧзылысымен жҥреді. 
Еске тҥсірудің сапалық бҧзылыстарына 
криптомнезия 
- яғни жасырын 
еске тҥсіру жатады. ӛткен шақта науқаспен қабылданған бӛтен идеялар, 
бӛтен шығармашылық, уақыт ӛте науқас ойында ӛзінің жаңа, біртума идеясы 
тҥрінде танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет