Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет74/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Резидуальды 
сандырақ
- психоз жағдайынан кейін біршама уақыт бойы жалғыз симптом 
ретінде қалатын бейнелік сандырақ, науқас жҥріс-тҧрысына айтарлықтай 
әсерін тигізбейді. Резидуальды сандырақтың динамикалық тенденциясы 
қолайлы: ол трансфармацияға, кҥрделенуге ҧшырамайды және нгауқаста 
сыни кӛзқарас пайда болғанда (критикасы) кенеттен жоғалады. 
Индуцирленген сандырақта
психикасы сау адамдардағы қате пікірлердің 
пайда болуы сандырақпен зардап шегетін науқас адамдармен байланысты 
болады; примитивті, ситуацияны сыни кӛзқараспен, дҧрыс тҥйіндей 
алмайтын тҧлғаларда дамиды. 
Аса бағалы идеялар
– шынайы факторлар базасында пайда болатын, 
науқастың шамадан тыс эмоциональды жауабына байланысты санада 
басымдық кӛрсететін пікірлер. Психопатияларда, шизофренияда, аффективті 
психоздарда кездеседі. Тематикасына байланысты шығармашылдық, 
ипохондриялық және т.б. идеялар болып бӛлінеді.
Жабысқақтықтар /обсессиялар/
- еріктен тыс пайда болатын, науқас 
ойын жаулап алатын және науқас ҥшін бӛтен, дертті жағдай ретінде 
қабылданатын ойлар мен кҥйзелістер, науқас оларды ӛз ерік кҥшімен жеңе 
алмайды. Жабысқақ ойлар, елестетулер, естеліктер, кҥдіктенулер, қорқыныш, 
әуестіктер, қимылдар мен әрекеттер болады. Жабысқақтықтарды 2-топқа 
бӛлеміз: 1) бейтарап, яғни науқас ҥшін индифферентті, айқын эмоциялық 
реакциялармен жҥрмейді 2) бейнелік науқас ҥшін ауыр және айқын 
аффективті жауаппен кӛрінеді. 
Бірінші топқа жабысқақ ақылгӛйсу, жабысқақ санау, терминдерді, 
есімдерді, кҥндерді т.б. жабысқақ еске тҥсіруді жатқызуға болады. 
Жабысқақтықпен науқас бейтарап тақырыпта ҧзақ ойланады, мысалы, неге 
Әлем шексіз, егер ол аяқталса не болады, аяқталғаннан кейін не болады және 
т.с.с. Жабысқақтықпен науқас оқығанын немесе естіген сӛздерін талдайды, 
бӛліктерге, буындарға бӛледі, немесе қадамын санайды, баспалдақ 
сатыларын, терезелерді, сӛздегі әріптерді санайды, ойша шексіз санау 
операцияларын жҥргізеді. 
Екінші топқа ӛткен ӛмірдің қандай-да бір оқиғасы жӛніндегі жабысқақ 
естеліктерді жатқызады, ол ҧят сезімімен, ӛкіну және басқа да эмоциялық 
реакциялармен бірге жҥреді. Елестетулер бҥкіл санасын жаулап алғанда 
оқиғалар науқаста ауыр кҥйзелістер шақырады, ол адамның жҥріс-тҧрысында 
бейнеленеді (ол бҧл кҥйзелістің жоқ екендігіне кӛз жеткізгісі келгенде). 
Науқас ӛз туыстарының ҥйінен келіп, олар науқастың ваннада тастап кеткен 
каустикалық содасымен уланып қалуы мҥмкін деп ойлай бастады. 


~ 124 ~ 
Жақындарының ӛлім алдындағы қиналғандарын кӛз алдына келтіріп, оларға 
ҧзақ уақыт бойы жазбады, себебі, олардың ӛлімі жӛнінде нашар хабар 
аламын деп қорықты; мереке қарсаңында олардан қҧттықтау қағазын 
алғаннан кейін ғана ол жӛнінде ойлауын доғарды.
Жабысқақ қорқыныштар – фобиялар әрқилы болып келеді, аффективті 
қанықтылығымен ерекшеленеді. Жиі кездесетіндері: канцерофобия – қатерлі 
ісікке шалдығудан; сифилофобия – мерезге шалдығудан; кардиофобия – 
жҥректің ауыр дертіне шалдығудан; танатофобия - ӛлімнен қорқу; мизофобия 
– ластанудан қорқу; клаустрофобия – жабық кеңістіктерден қорқу; 
агорофобия – ашық кеңістіктерден, кӛшелерден, алаңдардан қорқу; 
эритрофобия - ӛзге адамдар алдында қызарып кетуден қорқу; фобофобия – 
фобия пайда болуынан қорқу.
Бейнелік жабысқақтықтарға 
жабысқақ күдіктенулерді
/есік жабылды 
ма, жарық ӛшті ме, кран жабылды ма/, 
жабысқақ тілектер, әуестіктер, 
қимылдар, әрекеттерді
қосуға болады. Кейбір науқастарда жасауға 
болмайтын қылық жасауға жанын қинайтын тілек пайда болады: жерлеу 
рәсімінде кҥлуге, жақсы кӛретін баласының кӛздерін шанышқымен шҧқып 
алу. Бҧл 
контрастылы жабысқақтық
деп аталады. Егер сандырақ жӛнінде 
емес, жабысқақ ой туралы әңгіме болса, ауру ӛзінің тілегін ешқашан іске 
асырмайды. Психоз жағдайында контрастылы қҧбылыстар сырттай 
жабысқақтық тәрізді болуы мҥмкін, шынтуайтқа келгенде ол баяу тҥзіліп 
келе жатқан сандырақ сатысы болуы мҥмкін. Мҧндай жағдайда науқастар 
қоғамға қауіпті әрекет жасауы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет