Психиатриялықкөмек


Бұзылған сана синдромдары



бет22/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Бұзылған сана синдромдары
Сана-қоршаған ортаны бейнелеудің, адамның сыртқы әлем және өзі жөнінде білімінің жоғары формасы.
Сананың бұзылыстары 2 топқа:
1)Сананың толық өшуі
2)Сана күңгірттенуі
Есеңгіреу – психикалық үдерістердің кедйленуімен және психиканың патологиялық өнімінсіз сана белсенділігі төмендеуінің жедел дәрежесі. Бұл жағдайда барлық сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау деңгейі жоғарылайды және жауап реакциясының жасырын кезеңінің ұзақ болуы тән, нәтижесінде науқас тек күшті тітіркендіргіштерге жауап береді, айналадағы құбылысты қиыншылықпен, толықтай қабылдай алмайды. Ойлау қабілеті қиындаған, науқас тек жеңіл сұрақтарды, оны бірнеше қабылдағанда түсінуге қабілетті, жауаптары толық емес, біртекті, жұпыны. Айналадағы құбылыстарға қатыспаушылық, тежелу, жиі ұйқышылдық, түс көру болмайды, бағдарлау өзгерген, есеңгіреу кезінде еске түсіру қабілеті төмендеген.
Обнубиляция-есеңгңреудің бастапқы көрінісі, бұл кезде сана біресе айқындалып, біресе қарауытады.
Сопор кезінде аурумен сөйлесу мүмкін емес, науқас бағдарлай алмайды, тек күшті тітіркендіргіштерге қимылдық және мимикалық реакциялар сақталады.
Кома кезінде реакция жоқ.
Психиатрияда бұлар – эпилепсия ұстамасынан кейін, электротырысулық, инсулиндік-шокты терапияны қолданғанда бақыланады.
Делирий – сананың жедел пайда болатын күңгірттенуі. Бұл кезде уақыт, орын бойынша бағдарлау бұзылса да , өзіндік тұлғасын бағдарлай алады, иллюзиялар, сахна тәрізді көру галлюцинацияларымен, аурудың күрт қозуымен, жағдайдан шыққаннна кейін амнезиямен көрініс береді.
1)гиперестезия, сөзшеңдік, шошыну, қорқыныш, елестер күйіндегі естеліктер, бір орында жай таппайды, қорқынышты түстермен шошып ояну.
2)көрген түсі мен шындықты ажырата алмайды, айналасындағыларды иллюзия деб қабылдайды, қозу күшейеді.
3)түгелдей галлюцинация, сандырақ.
Делирийдің ең негізгі симптомы – ұйқының бұзылысы.
Кәсіптік делирий – мамандығына, қызметіне байланысты әртүрлі сөз, қимылдар.
Онейроид- бағдарлау, өзіндік сана бұзылысымен фантастикалық күйзелістермен, елестермен, субъективті әлемде қабылданатын көріністермен, катотоникалық симптоматикамен бірге жүретін түс тәрізді, сананың қиял тәрізді күңгірттенуі. Науқас атомдық соғыс, әлем күйреуі, өзге планеталарға, басқа дәуірге орын ауыстырады. Басында аффект тұрақсыздығы, ұйқы бұзылысы, есінен адасып кетуге деген қорқыныш, дереализация, деперсонализация, абдырау, экстаз, депрессия, қос бағдарлау, науқас қоршаған ортадан ажырап, жауап бермейді, шынайылықты жоғалтады болады.
Аменция – кеңістікті, уақытты, жеке басын бағдарлау бұзылуымен, шындықты түсіну қабілетінің жоқтығымен және осы кезеңнің толық амнезиялануымен жүретін сананың терең күңгірттенуі. Түсіну қабілеті жоғалады, оларды біріктірмейді, сөздері байланыссыз, мағынасыз, хаосты, бас, аяқ-қолдарының қорғалтады, иллюзиялар, катотониялық бұзылыстар, галлюцинациялар болады. Психиатрияда – сепсис, авитаминоз, ашығуда кездеседі.
Қарауытқан жағдай – терең сана бұзылысының әр түрлі ұзақтағы пароксизмдері, қабылдау шеңберінің кенеттен тарылуымен, осы шеңбер деңгейінде күрделі әрекеттер жасау мүмкіндігімен, қоршаған ортаны бағдарлау бұзылысымен және осы кезеңнің толық амнезиясымен бірге жүреді.Науқас көшеде жүру, транспортты қолдану, қаламсаппен қағаз бетіне жазу, киім тігу дені сау адам сияқты жүреді.: Есін жинаған кезде таныс емес көшеде не істеп жүргенін білмейді, өзінің ісіне таң қалады, не болғанын есіне түсіре алмайды. Науқас бөтен қалаға кетіп қалады, саяхат жасайды, басқа жұрттың көңілін аудартатындай әрекет жасамайды, Балалығында лунатизм. Галлюцинация, сандырақ, жедел қорқыныш, ашу аффектісі. Науұас күтпеген жерден – қатігездікпен кісі өлтіреді, ызалы болады, шабыл жасайды.
Эпилепсияда, миының органикалық патологиясында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет