Психиатриялықкөмек



бет25/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Меланхолиялық жағдай: мұндай науқас аласұрады, қайда болсын жүгіруге тырысады, басын қабырғаға ұрады, шашын жұлады, өзін өлтіруге дейін барады.
Апатия: бос эмоциялық күй, барлығына толық немқұрайлылық, эмоциялық топастық- дефицитарлы симптомға жатады.
Дисфория: тітркенгіштік, қаталдық, ызалылық, өзі мен айналасындағыларға көңіл толмаушылықпен, атылғыштықпен, агрессивті және күйрететін әрекеттерге бейімділікпен жүретін өзгерген көңіл күй кезеңдері.
Жігерсіздік: эмоциялық әлсіздік, сезімдер сферасындағы лабильділік жағдайы. Тез арада жылайды, ал көңіл күйі көтерілгенде, сентиментальдық бақыланады.
Абдырау: өзінді сана мен заттық сана бұзылысымен психикалық қызметтердің жедел бұзылысының дамуымен бірге жүретін шатасу жағдайы. Көздері кеңінен ашылған, сенімсіз қозғалыс, сұрамшыл сөз.
Эмоциялық реакция: биологиялық немесе әлеуметтік мәні бар тітіркендіргішке эмоциональды жауаптар. Аффект қаһар, ашу, қорқыныш, экстаз, энтузиазмның шегіне жеткен көрінісі болуы мүмкін. Ол көрініс ерекшеліктеріне байланыст физиологиялық және патологиялық болып бөлінеді. Патологиялық аффект бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады. Артынан аффективті жүріс тұрыстың толық амнезиялануымен терең ұйқыға ауысады. Дисфориялық реакция дисфория жағдайындағы науқас адам реакциясы.
Эмоциялық қатынасэмоциялық таңдамалылық, эмоцияның белгілі бір оқиғалармен, адамдармен немесе заттармен тұрақты байланысы. Мысалы: симпатия, антипатия.
Мнестикалық бұзылыс синдромдары
Корсаков синдромы: корсаков алкогольдік психопатологиялық суретін көрсететін амнестикалық синдром. Синдром психопатологиялық триададан тұрады: фиксациялық амнезия, ретроградты амнезия, конфабуляциялар. Корсаков психозында ес бұзылысымен әрқашан полинейропатиямен қатар жүреді. Ол кездеседі: қантамыр ауруларында, бас ми жарақатынан кейін, газбен уланғаннан кейін, кәсіби интоксикацияда.
Үдемелі амнезия синдромы Рибо заңына бағынатын естің үдемелі көмескеленуімен көрінеді: алған білімі игерілген уақытынан кері, біртіндеп естен жоғалта бастайды. Ес босауының жалпы фонында алыс балалық шағындағы оқиғалар жөніндегі естеліктер мүмкін болады. Қимылдық дағдылар мен жүріс тұрыстың тәрбиеленген формалары сақталады.
Интеллектуалды бұзылыс синдромдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет