Психиатриялықкөмек



бет27/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Маниакальды синдром симптомдар үштігімен тұрады: көңіл күйдің көтерілуі, ойлау ағымының жылдамдауы, сөздік қимылдық қозу. Бұл синдромның облигатты белгілері. Қоршаған ортаны ерекше ашық қабылдау, е үрдісінде гипермнезия, ойлауда өз мүмкіндіктері мен өз тұлғасын асыра бағалау, қысқа уақыттық ұлылық сандырақ идеялары, эмоциональдық реакцияларда ашушаңдық, еріктік салада тілек, әуестіктердің өсуі, зейіннің жылдам ауыспалылығы.
Депрессивті синдром: симптомдар үштігімен тұрады: көңіл күйдің төмендеуі, ойлау ағымының баяулауы, сөздік қимылдық тежелу. Факультативті белгілері: гипестезия, иллюзиялық, дереализациялық, және деперсонизациялық құбылыстар. Ойлауда ипохондриялық, өзін өзі кінәлау, өзін өзі кемсіту. Эмоциональды салада қорқыныщ пен үрей реакциясы, қайғылы бет әлпет және қалып.
Үрейлі депрессивті синдром: маниакальды ступор және өнімсіз мания өзінің шығу тегіне байланысты аралас жағдай болып табылады: депрессиядан манияға немесе керісінше.
Депрессивті параноидты синдром атипті аффективті синдромға басқа нозологиялық формалар шизофрения, экзогенді және эндогенді психоздар симптоматикасының қосылуы. Мысалы, депрессия кезіндекезінде өз басының өзгергендігі сезімімен жүретін ипохондриялық күйзеліс, науқастың өзінің ішкі мүшелерінің жоқ екендігіне сенімділік, сыртқы ортаны, өмірлі, өлімді жоққа шығару,
Астенодепрессивті синдром. Астения мен депрессия бірін бірі жоққа шығаратын жағдайлар астеникалық бұзылысьың үлкен салмағы жоғары болған сайын депрессияның ауырлық дәрежесі соғұрлым төмен.
Ойлау бұзылысы
Ойлау жылдамдығы оның темпінің жоғарлауымен сипатталады. Алаңдаушылық, жалаң, аяқталмаған, үстірт піпірлер, рифм ұйқастыруға бейім болады. Идеялар секіргенде ойлар арасынба байланыс бұзылмайды, бірақ науқас сөзін айтып үлгермейді. Сөзі ой соңынан ілесе алмайды. Науқас сөйлемін аяқтамай басқасына көшеді. Менің толықтай денім сау, менде тек маниакал. Әдіс емес, нәтиже маңызды. Сіздің күтушіңіз бүгін жұмысқа келді, оның ішкі киімі көйлегінің астынан көрініп тұр. Жұмадан соң сенбі...Ертең сенбі. Сіз мені ертең шығарасыз ба. Сіздің галстугыңыз дұрыс болмай тұр, мен сізге жөндеп берейін, ойламаңыз , мен сізге жағымпазданып тұр деп. Мен сізге ғашықпын, бұнда тұрған не бар. Махаббат ұят емес , улкен күнә.
Маниакалды-депрессивті психоз, шизофрения, экзгенді психоз кезінде болады.
Ойлаудың баяулауы – ойлау қарқынының баяулауы, тежелуі. Науқас ойлаудың қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына, сұрақтарға үзіліспен жауап береді
Патологиялық байымдылық-бір ойдан екіншіге ауысудың қиындауымен, ойлаудың аз жылдамдығымен сипатталады. Мәнділікті ойдан ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды, бір орында тұрып қалады, басқа тақырыпқа ауысып кетеді. Оқиға жазда болды, біз қыздармен тоғайға саңырауқұлақ теруге келіскенбіз, мен кештен бастап жинала бастадым, уайымдап түнімен ұйықтай алмадым. Оянсам, әлі түн екен, тұрсам ба екен деп ойладым, тұрдым, сыртқа шықсам сиыршы Иван Василевияч уақытында сиырларды жианп жатыр екен. Бұл сиыршының өткен күзде әйелі уланып қайтыс болған, үйлерінде ешкім жоқ еді. Әйелі пештің үстіне шығып жатқаннан тұрмай қалған. Ив Вас менің досым –қызы Надямен жалғыз қалды.
Резонерлік – танымдық мағынасынан айырылған бос, өнімсіз пікір
Сіз өзіңізді аурумын деп санайсыз ба
Бұл дертті жағдайды қалай түсінуге байланысты. Ауру деген тіршіліктің бір түрі, ал тіршілік ету – өмір сүру, яғни, аурудағы өмір, өмңрдңғ бңр белгісі. Ауырмай өмір сүруге болады, ал өмір сүрмей ауыруға болмайды4
Ойлардың үзілісі – сөйлемнің грамматикалыққұрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағынаылқ байланыстың болмауы.
Сіздің үлкен ынтаңызды біле отырып, осы көзқарасыңызға толық қосыла отырып, мен жақын жатқан сөре деңгейіне дейін төмендей аламын. Бірінші және екінші жағдайда да дұрыс болар еді, себебі аспанға тек бір саусақпен жету қиы.
Ойлау байланыссыздығы науқастың сөзі мағынасы бір бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады, грамматикалық құрылымы бұзылған.
Ойлау персеверациялары және стереотипиялары – қандай да бір ойда мүдіріп, тұрып қалу. Бір сөзді немесе сөйлемді қайталайдыНауқас жауабы нәтижесіз болады.
Сұрақ .Сіздің аты жөніңіз кім
Жауап: Виталий Александровия
Сұрақ: Сіз нешедесіз
Жауап: Виталий
Сұрақ: Сіз қайда тұрасыз
Жаувап: Александрович
Ментизм – науқастын еркіне бағынбайтын, еріктен ытс ойлар, оларды басқара алмау, олардың жасандылығы сезімімен жүреді.
Шперрунг – анық сана фонында кенет пайда болатын ассоцияациялар ағымындағы үзіліс, әңгіме желісінің үзілуі.
Сандырақ ойлар – аурудың санасын толық жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулер.
Айнала шындық емес, үрей төніп тұрғандай бақытсыздық сезінеді. Науқас шарқ ұрып не болғанын, қоршаған орта не үшін оған жаңа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет