Психиатриялықкөмек



бет29/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Қозғалыстық бұзылыстар-қозғалыс белменділігінің төмендеуі,жоғарлауы және бұрмалануы.Қимылдық мелшиіп қалуы-ступордың клиникалық суреттемесімен береді.Гипо және акмнезиядан ступордың айырмашылығы-моторлы зонаның тежелуіне туындаған қайтымды жағдай.Ступор толық немесе толық емес болуы мүмкін.Толық ступор кезінде науқассөйлемейді, тамақ жемейді.Ступормен ауыратын науқастардың сөйлемеуі-мутизм деп аталады.Толық емес ступор кезінде науқас кейбір істерді орвһындайды.Тамақ жеу,дәретке бару.Катотониялық ступор катотониялық синдром кезінде сипатталады.Депрессиялық ступор депрессивті науқастарға тән сөздік-қозғалыстық тежелудің соңғы дәрежесі болып табылады.Бұл кезде науқас сөйлемеу мүмкін,бірақ оның мұңын аянышты бет әлпетінен білуге болады.Психогенді ступоржедел аффективті-шокты реакциялардың клиникалық көрінісінде байқалады.Мұндай пеакцияларда науқас күшті жан тербелісін тудыратын психожарақаттаушы оқиғаларға жауап ретінде болады.Истериялық ступормінездің белгілі бір истериялық сипатында дамитын психогенді реакция болып табылады.Мұнда тұлғалар объективті мәні бар психожарақаттаушы оқиғалар орын алғанда немесе болмашы көршісімен жанжалдасу, жұмыс орнындағы ескертулерге тежелумен жауап қайтару.Истериялық парездер мен салданулардың органикалық негіздері жоқ,ауру бұл бұзылыстарды өзіне қалай елестетсе солай көрінеді.Ауру бірдеңеден қорқса аяғы істемей қалаған сияқты (аяғы мақта сияқты,өзіне бағынбайды,бір күн тіптен қызмет жасамай қалады).Истериялық сөйлеу бұзылысы толық мылқаулықпен,афониямен кекштенумен,көрінеді.
Қимылдық қозу-қимылдық тежелу тәрізді психоз жағдайларына тән және бірқатар жағдайларда олардың жеделдігінің белгісі.Қозғалысқа талпыну н/е әрекетке талпынысты көрсту мүмкін.Қозғалысқа талпыну-катотониялық қозудың ерекшелігі-таза моторлы,мақсатсыз және мағынасыз қозу.Әрекетке талпыну-психьомоторлы қозу деп аталатын маниакальды қозуға тін.Маниакалды жағдайларда барлық психикалық функециялар жанданған,қабылдау жеңіл,ассоцивті қызметтер жанданған,көңіл-күйі көтеріңкі болады.Ауыр жағдайдың өзінде қозу мағынасыз болмайды.Науқастар-аса белсенді,қозғалғыш,шаршамайды.Депрессивті науқастардың үрейлі қозу жағдайы айналасындағыларда ауыр сезім тудыралы.Аурулар қатты ыңырсып,жаны ауырып,көмек күтеді.Галлюцинаторлы және сандырақты қозу-соңына түсу,әсер ету, қызғаныш және т.б. идеялармен жүреді.Науқастар бірдеңеден қорғанады,жасырынады,мед көмек жасауға тырысқанда шабуыл жасайды,қарсыласады.Жедел галлюцинация және сандырақ әсерінен делириозды,онейроидты, сананың күңгірттенген қарауытуы жағдайындағы,бағдарлау бұзылысымен және ситуацияны түсіну бұылысымен науқастар терезеден секіріп,басы ауған жаққа қашадыбағалы заттарды лақтырып,жыртады.Психогенді қозу аффективті тарылған сана фонында дамиды.Қорқыныш билеген адам бағыт таңдамай әлсірегенін және жарақат,күйік кезінде ауырсыну сезбей жүгіре береді.Истериялық қозу әрқашан психогенді себептен пайда болады және истерияның барлық кезеңдері сияқьты театрландырылған болады.Бұл кезде науқас айғайлап жылап,ұрынып,еденде сырғанып,театрлардағы қалыпты қолданады.Эпилепсиялық қозу дисфориямен бірге жүреді және науқаста қанағаттанбаушылық сезімін тудыратын сыртқы себепке байланысты болады.Қозу агрессивтілікпен және күйрететін әрекеттермен жүреді,монотонды,ұзақ болуы мүмкін,науқастар бір сөзді айғайлап,қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет