Психиатриялықкөмек



бет28/37
Дата26.12.2022
өлшемі117,25 Kb.
#164439
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
псих барлығы

Соңына түсу сандырағы – адам немесе ұйымдардың ашық түрде артына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргеніне сенімді.
Уландыру сандырағы да –улы заттар бар дәрі, су, ауа, тамақ деп санайды.
Қатынас сандырағы – уйде жарық жоқ болып, қараңғы болса, ол оның қараңғы, білімсіз адам екенінарнайы көрсету үшін жасалған деп қабылдайды. Егер дәрігер халатының 3 ілгегі жабылмаса ауруханада 3 рет жататындай
Зиян сандырағы – зиянкестер материалды немесе моралды зиян келтіруге , тонап, заттарын бүлдіреді, құқығына қысым жасайды деп санайды.
Кверулянттық сандырақь-өзінің тарапына ұқыпмсыз, қайырымсыз, адал емес көзқарасты сезген науқас дауласады, оны әшкерелеуге көп күш жұмсамайды, көп уақытын кейде бүкіл жиған-тергенін жұмсап жібереді, көршілер, жанұя мүшелерімен, қызметкерлермен жанжалдасады.
Қызғаныш сандырағы – жолдасының әрекеті, сыртқы келбеті мен жүріс-тұрысы, жолдасының сөздері, бәрі жолдасының көзіне шөп салу болып көрінеді.
Ипохондриялық сандырақ – ауыр дауасы жоқ дерттің бар екеніне сенімділік.
Өзін –өзі кінәлау/кемсіту сандырағы – науқас пікірі б-ша бүкіл өткен өмірі күнәға тола деп санайды, өздерін кінәлайды, өкінеді.
Дисморфония – физикалық жеткіліксіздігі бар екендігі немесе жағымсыз иістерді тараушы екеніне сандырақтық сенім ретінде қарастыруға болады.
Резидуалды сандырақ – психоз жағдайынан кейін біршама уақыт бойы жалғыз симптом ретінде қалатын бейнелік сандырақ, науқас жүріс-тұрысына айтарлықтай әсерін тигізбейді.
Индуцирленген сандырақта – психикасы сау адамдардағы қате пікірлердің пайда болуы сандырақтан зардап шегетін науқас адамдармен байланысты болады; примитивті, ситуацияны сины көзқараспен, дұрыс түйіндей алмайтын тұлғаларда дамиды.

Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар.
Ерік –бұл саналы, мақсатты психикалық белсенділік.Ерік қызметі санаға тәуелді.Еріктік әрекет бір-бірімен тікелей байланысты 2 фазадан тұрады:Бірінші фаза таңдауға қатысты акт-саналы баға беру және таңдау.Бұл фазада қанағаттанбаған қажеттілік сәйкес эмоционалдық күйзелістер мен ойлалар туындатады,қажеттілікті қанағаттандыруға талпыныс пайда болады.Талпыныс әуестік немесе тілек түрінде көрініс береді. Әуестік –нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс.Тілек-нақты объектіге саналы талпыныс.Екінші фаза-қабылданған шешімді орындау адамның тәжірибелік қызметіне тікелей қатысты.Ол қимыл арқылы іске асады.Қимыл ерікті және еріксіз болуы мүмкін.Еріксіз қозғалыстар шартсыз рефлекске тура келеді(ыстықтан қолды тартып алу) және эмоцияға байланысты мимикалық қимылдар,идеамоторлы қозғалыстар жатады.Ерікті қозғалыстарға негізінде шартты рефлекстер жатады.Ерікті әрекетті іске асыру үшін психикплық функция сақталған болу керек.Сөз,ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес,бұл апраксия д.а.Еріктік бұзылыстарға зейін бұзылыстары да жатады.
Зейін бұзылуы психикалық ауруларда ең жиі кездесетін симптом. Зейін қажуы-астениялық жағдайға тән.Мұндай науқас әңгімелесу және ақылмен жұмыс жасауүрдісінде тез шаршайды.Зейін алаңдаушылығы-маниакалды ауруларға тән.Науқас зейіні үздіусіз біріншісінен екіншісіне ауысып отырады,бір оранда отырмайды.Зейіннің патологиялық қаалуы-депрессивті ауруларда байқалады.Науқас ауыр қайғылы ойлардан арылуға дірменсіз,барлық уақытта ойында бір тақырып қайталанады.
Әуестік бұзылысы.Сапалық және сандық.Сапалық-күшеюі нгемесе әлсіреуі.Сапалық-бұрмаланумен көрініс береді.Барлық әуестіктер мен тілектердің күшеюі-гипербулия.Науқас мешкей,сексуалды,әйелдер кербез болады.Әуестіктің әлсіреуі-гипобулия депрессивтік жағдайлармен жүреді.Тамақтан бас тарту анорексия.Өзін күнәһар,тамақ жеуге құқым жоқ деп санайды.Суициалды тенденциялар(өзіне қол жұмсау тақырыьындағы ойлар,сөздер, әрекеттер)галюцинациялармен (дауыстардың өзіне-өзі қол жұмсауға бұйрық беруі)соңына түсу сандырағымен,өзін-өзі кемсіту,кінәләу,ипохондриялық сандырақпен,сананың күңгірттенуімен жүруі мүмкін.Әуестік бұрмалануы-жарамайтын заттарды жеуге-нәжіс жеуге,өзіне зақым келтіруге,жыныстық қанағат сезімін алуға құштарлықпен көрінеді.Импульсивті құбылыс-жедел туындайтын әлденеге бағытталған күшті талпыныс.Клептомания-өз пайдасына қатыссыз ұрлыққа құштарлық.Пиромания-ешқандай зұлым ойсыз өрт шығару.Дромомания-қаңғыруғы құштарлық.Дипсомания араққа бірден салынып ішу.Амбиваленттілік-қарама-қарсы сузімдердің,тілектердің,әуестіктердіңбірге жүруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет