Ақыл кемдігі(деменция) : патологиялық үдеріс ықпалынан туған тұрақты, орнына келуі қиын зияткерлік қабілеттің жоғалуы, бұл кезде әрқашан психикалық қызметтің жалпы нашарлау белгілері болады. Зияткерлік деңгейі адам өмрінде жүре келе жинақталған ретінен кері дамиды, көмескелінеді, танымдық қабілеті әлсіреп, сезім кедейленеді, жүріс тұрыс өзгереді.
Органикалық деменция: лакунарлы және тотальды болады. Лакунарлы деменция церебральды атероскелозбен, ми мерезімен ауыратын науқастарда байқалса, тотальды органикалық деменция үдемелі салдануда, сенильді психозда, Пик және Альцгеймер ауруларында кездеседі.
Эпилепсиялық деменция: мінез құлықтық ерекшеліктердің аса өткірлігімен сипатталады, ригидтілік, барлық психикалық үрдістер ағымының баяулығы, ойлау баяулығы, байымдылығы, зейін ауспалағының қиындығы, сөз қорының азаюы болады. Мінезде бұлар қатаңдық, кекшілдік, ұсақшыл, пунктуальдылық, педантизм және т.б. болады.
Шизофреникалық деменция: энергетикалық потенциалдың төмендеуімен, эмоциональды топастық дәрежесіне дейін жететін эмоциональды кедейленумен сипатталады. Айқын ес бұзылыстарынсыз, формальды білім деңгейінің жеткілікті болуымен қатар науқас толықтай әлеуметтік дезадаптацияланған, тәжірибелік істе қауқарсыз болады.
Психоорганикалық синдром(энцефалопатия) салыстырмалы түрде жеңіл, бірақ айқын ақыл әлсіздігі дәрежесіне дейін жететін, тұрақты интеллектуалды-мнистикалық төмендеумен сипатталады. Ес әлсірейді, ойлау қабілеті төмендейді, жаңа білім мен дағдыларды игеру қиындайды, пікір мен сыншылдық деңгейі төмендейді, эмоционалды жеткіліксіз дамиды.
Кемақылдық(олигофрения) әртүрлі дәрежедегі тума ақыл кемдігі. Дәрежелері : идиотия, имбецильділік, дебильдік. Идиотия кезінде науқаста сөйлеу қабілеті болмайды, дағдылар игерілмейді, бала өзін күте алмайды, қоршаған адамдардан өзінің жақындарын эмоциялық түрде айыра алмайды, оқыту мүмкін емес. Имбецильділікте әдетте мектепте оқымайды, тек арнайы мектептерде оқиды, сөздері жиі түсініксіз, ойлары нақты. Дебильдік кезінде адамдар кейде аяқталмаған орта немесе толық орта білім алады, бірақ қиындықпен оқиды, оларға түсініктерді біріктіру қиын.
Аффективті синдромдар
Достарыңызбен бөлісу: |