1.3. «Менің отбасым» тақырыбына салынған проективтік тест.
Мақсаты: Баланың басындағы жай-күйі мен алатын орнын, басқа мүшелермен қарым-қатынасын анықтауға негізделген.
«Менің отбасым» тақырыбына салынған проективтік тестіні талдау төмендегідей болуы қажет;
1. Егер бала суретінде өзі болса, онда ол отбасында өзін жақсы сезінеді деуге_болады, ең жақын адамдарының арасында тұрса олардың өз ара жақсы қарым-қатынасын көрсетеді. Суретке қарай отырып жалпы отбасы мүшелері қандай орында тұрғандығын процент арқылы анықтауға болады
-өзі
-ана
-әке
2. Егер бала өзін суреттен алып тастаса, онда ол өзінің жалғыз екендігін, отбасында өзін нашар сезінетіндігінің белгісі деп тұжырымдауға болады.
-өзін салмау
-өзін алыстағы ата-әжесінің қасына салуы немесе бөлек салуы
-жануарларды салу (өміріндегі босыңқылық)
3. Егер өзін ең жақын адамдар қасына салса, онда ол өзін-өзі жақсы сезінеді, қасындағы адам сырлас, әрі мұңдас болып табылады.
-анасымен
-әкесімен
-жалпы екеуінің арасында тұрса.
4. Егер суретте әр-түрлі сызықтар немесе жаңбыр, бұлт, тәріздес
қосымшалар болса баланы бірдеңе алаңдатып жүргенін ескеру керек.
5. Өзін отбасында өте жақсы сезінетін бала әрдайым салатын суретінде
«күн бейнесін салады».
5. Егер сәуле, нұрлы шуақ салынса онда бала отбасы жылылығы мен махаббатын қажет етеді
Ескерту; әр баланың салған суретін тек осы әдіс арқылы ғана талдау жасап қана қоймай, басқада әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |