Мақсаты: Логикалық және механикалық есте сақтау қабілеттілігін анықтау.
Жұмыс барысы: Зерттеу жүргізілу үшін оқушыға 2 қатар сөз беріледі оқылады. Бірінші қатардағы сөздердің арасында байланысты бар, ал екінші қатардағы сөздер арасында ешқандай байланыс жоқ. Осы екі қатар сөздерді зерттеуші балалар назарына бөлек-бөлек оқиды. Әр сөз арасында 5 секундтан үзіліс жасалады. Бірінші тізбек біткеннен кейін, оқушыға есте сақтаған қос сөздерді парақ бетіне түсірілуі ұс ынылады. Екінші тізбек сөздермен тәжірбие осы әдіспен жүргізіліп, жүзеге асырылады.
Талдау:Алынған нәтижелер төмендегі бланкіге толтырылып, көрсетілген формулаға салынып есептелінеді.