Психикалық дамуының тежелуі бар балаларды зерттеу



бет1/7
Дата17.07.2020
өлшемі219 Kb.
#75306
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Психикалық дамуының тежелуі бар балаларды зерттеу 1


Психикалық дамуының тежелуі бар балаларды зерттеу

 және оларды қатарға қосу

 

Мақсаты:Психологиялық дамуының тежелген оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын түрлері арқылы дамыту.

 

Алғы сөз

Қазіргі таңда адамзат ғылым мен білімді игеруде психология ғылымынсыз өркениеттің өріне еркін қол жеткізе алмайды. Өйткені психология барлық салаларда қамтылады.

Осыған орай менің тоқталып кеткелі тұрған мәселем қазіргі кездегі балалардың    дамуындағы бұзылыс түрлерінің жиі кездесетін бір түрі - психикалық дамудың тежелуі.

Менің осы жинағым ПДТ - психологиялық дамуында тежелуі бар балалармен жұмыс жасауға арналған. Себебі ПДТ балалармен жұмыс жасау жай балаларға қарағанда, әлдеқайда күрделірек және көп төзімділік пен шыдамдылықты қажет етеді. Менің осы кітапшамнан ПДТ балаларды зерттейтін тестер жиынтығын табасыздар.  

 

 1.1. ПДТ бірінші сынып оқушыларына арналған сауалнама



Мақсаты: Бірінші сынып оқушыларының ойлау қабілетін, сөйлеу тілін, сөйлеу мәнерін, дауыс ырғағын дамыту және берілген сұрақтарға нақты жауап беруіне дағдыландыру.

 1. Сенің аты – жөнің кім?

2. Әкең мен анаң неше жаста?

3. Сенің атаң мен әжеңнің аты кім?

4. Сенің досың бар ма? Ол кім?

5. Сен тұрып жатқан мемлекеттің астанасы қалай аталады?

6. Сенің туыстарың тұратын көшенің аты қалай аталады? /жауап ең

    кемінде бір көшенің атын дұрыс атап, осы көшеде тұратын қандай    

    туыс екенін көрсет/.

7. Досыңның немесе туысыңның тұратын үйінің және пәтерінің нөмірі.

8. Үйінің маңдайындағы көрген құстардың атын білесің бе? / кемінде екі

             құстың атын жазу керек/.

9. Бір жылда неше ай және мезгіл бар?

10. Жылдың қай мезгілінде қар жауады?

11. Қашан сен мектепке барып, қашан келесің? / дұрыс жауап

      көрсетілген уақытпен, минутқа қарайды/.

12. Үйдегі құрал-жабдықтарды ата? / кем дегенде үш құрал-жабдықтың аты дұрыс жауап болып есептелінеді/.

Ескерту: Баланың берген жауабына қарай сауалнамаға талдау жасалады.

  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет