1.2. БДТ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сауалнама
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көзқарасы, баланың үйдегі әлеуметтік жағдайы, достарымен қарым-қатынасы баланың даму деңгейіе анықтау.
Нұсқау: Құрметті ата-ана төмендегі сауалдарға жауап беруіңіз өтініледі.
1. Балаңыздың аты-жөні, жасы (айы, жылы)
2. Ата-ананың аты-жөні, білімі, жасы
3. Отбасының құрамы. Баланың мектепте оқитын аға-апалары бар ма?
4. Бала өзінің көп уақытын кіммен өзткізеді?
5. Балаңыз балабақшада болды ма?
6. Бала мақтағанға қалай қарайды? Мақтаудың қандай түрін үйде пайдаланасыз? Мақтаудың қандай түрі балаға қалай әсер етеді?
7. Жазалауды қалай қабылдайды?
8. Баланың үйдегі атқаратын міндеттері бар ма?
9. Аулада бала өз бетімен серуендейді ме?
10. Балаңыздың достары бар ма? Олар үйге келіп тұрады ма?
11. Балаңыздың құрдастарымен қарым-қатынасы қалай?
а) онымен сөйлескенді күтеді
б) қарым-қатыныс жасауға жалтарыды
12. Үлкендермен қарым-қатынасы қалай?
13. Басқа балалар сіздің балаңызбен жақсы араласа ма?
14. Қандай ойындарды ұнатады: қозғалысты ойындар не үстел ойындаын,
жеке немесе ұжымдық ойнағанды қалайды?
15. Балаңыз мектепке баруға ұмтыла ма?
16. Мектепке қатысты бірнәрсені үйретуді сұрай ма?
17. Әріптерді тани ма, оқу біле ме?
18. Санау біле ме? Қосу, алуды біле ме?
19. Жазуды үйретуде қиындық тудыра ма? Иә,жоқ, білмеймін.
20. Қиындықтарын атаңыз?
21. Қиындықты жеңуіне көмектесесіз бе? Иә, жоқ.
22. Мұны сіз қалай істейсіз?
23. Балаңыз туралы тағы айтарыңыз бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |