Психолог кеңесі оқушылар мен олардың ата – аналарын маб тестіне психологиялық даярлау жөнінде ұсыныс маб тест технологясына негізделген



Дата10.03.2017
өлшемі48,54 Kb.
#11163
психолог кеңесі
оқушылар мен олардың ата – аналарын МАБ тестіне психологиялық даярлау жөнінде ұсыныс.
МАБ тест технологясына негізделген.
Емтиханның жаңа формасы ретінде тестілеу өз тәжірибесін жинақтауда және оқыту процесіндегі барлық қатысушылардың алдын-ала дайындығын қажет етеді.

Мұғалімдер оқыту жүйесіне тест технологияларын белсендірек енгізуі қажет; Себебі «Жағада тұрып жүзуді үйрене алмайсың» деп себепсіз айтылмаған.

Тест тапсырмаларын орындаудағы жаттығу жұмыстары тест ұпайының жоғарлауына көмектеседі. Тест тапсырмаларының типтік құрылымын біле отырып, оқушы инструкцияны ұғынуға уақытын жұмсамайды.

Емтихан тапсырудың сәттілігі ата – аналарының көңіл-күйі мен қатынасына байланысты екендігі белгілі.

Балалардың емтиханға дайындалуына

қалай көмектесеміз.



  1. Баланың емтиханнан алатын балының саны жөнінде алаңдамаңыз, баланы емтиханнан кейін сөкпеңіз, жазаламаңыз. Балаға алған балдың жиыны оның жалпы мүмкіндігінің көрсеткіштері болмайтындығы жөнінде сенім қалыптастырыңыз.




  1. Баланың емтихан алдындағы мазасыздануына жол бермеңіз - бұл тестілеу қорытындысына теріс ықпал етуі мүмкін.

Балаға ата –ананың толқуы әсер етеді, егер ересектер жауапты

шақта өзінің көңіл - күйлерін, эмоцияларын меңгере алса, бала да

жас ерекшелігіне байланысты өзін орнықты ұстай алады.


  1. Балаларды жақсы істері үшін мадақтап, қолдау көрсетіп қойыңыз.




  1. Олардың өзіне деген сенімін көтеріңіз, себебі бала неғұрлым сәтсіздіктен қорықса, соғұрлым қателіктер жіберу мүмкіндігі артады.




  1. Үйде сабаққа дайындалатын орынмен қамтамасыз етілуін қадағалаңыз, үйдегілердің кедергі келтірмеуін бақылаңыз.




  1. Баланың тамақтануына назар аударыңыз. Жоғары ақыл-ой жұмысы кезінде оған ас мәзірінің көп түрлігі және витаминдер кешені қажет.




  1. Баланы емтиханға даярлық әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық материалдарды жаттап алудың қажеті жоқ, негізгі моментерді қарап шығып, материалдың мәнісі мен логикасын түсіну жеткілікті. Қысқа кестелер, схемалар жасап алу пайдалы. Негізгі формулалар мен анықтамаларды бетке жазып, жазу столының тұсына, ас бөлмеге іліп қоюға болады.




  1. Емтихан алдында баланы толық демалумен қамтамасыз етіңіз. Ол жақсы демалып, ұйқысы қануы тиіс.

Есіңізде болсын: ең негізгісі - баланың алаңдаушылығы мен қорқынышын басу және сабаққа дайындалуына лайықты жағдай жасау.

Оқушыларға кеңес.
МАБ – ға қалай дайындалу керек?


  • Алдымен дайындалатын орын даярла: Столдан барлық артық заттарды алып таста, қажетті оқулықтарды, дәптерді, қағаз, қарындаштарыңды дұрыстап жинақтап алып, орналастыр.




  • Бөлме іштеріне сары және күлгін түстерді енгізуге болады. Олар интеллектуалды белсенділікті арттырады.




  • Дайындық жоспарын жаса. (күн тәртібіне қой) Алдымен сен «үкі» немесе «бозторғай» -дың қайсысы екендігіңді анықта.Осыған байланысты таңертеңгілік немесе кешкі уақытты пайдалан.Әрбір күнге жоспар жасай отырып, бүгінгі күні нені оқитындығыңды анықта.




  • Сабаққа дайындықты демалумен кезектестір. Мысалы: 40 минут дайындал сосон 10 минут үзіліс жаса. Бұл уақытта ыдыс жуумен, гүл суару сияқты жұмыстармен айналысқан жөн.




  • Қолыңа секундомер алып жаттық, тесті орындау уақытын белгіле.(Әр тапсырманы орындауға 2 минут кетеді)




  • Емтиханға дайындала отырып, тапсырманы орындай алмайтындығың жөнінде ешқашан ойлама, керсінше, өзің бәрін орындап шығып, қуанатындығыңды ойша көз алдыңа келтір.




  • Емтихан алдында барлық жауаптардың жоспарын қайталап, ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалтыр.


Емтихан алдында


  • Көпшілік емтиханға толық дайындалу үшін соңғы күн ғана жетпей қалды деп есептейді. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді қажытудың қажеті жоқ. Керсінше, таңертең өзіңді жақсы сезіну үшін кешке дайындықты тоқтатып, душ қабылда, таза ауада серуенде.

Себебі - емтихан бұл өзіңнің мүмкіндіктерің мен бейімділіктеріңді

көрсететін өзіндік күрес болып табылады.
Тест уақытында

  • Тест басталарда сізге қажетті информацияны баяндайды. (бланкі қалай толтырылады, қандай әріптермен жазасың, мектеп номерін қалай кодтайды т.б.) Сенің жауаптарыңның дұрыстығы осы ережелерді қалай орындауыңа байланысты.

  • Жауаптар бланкісін сен тек баспалық әріппен толтырасың.



Тест орындаудың сәттілігі үшін қажет

жалпылама рецептілер:



  • Назарыңды аудар. Тестілеудің бастапқы бөлімдерін орындаған соң (бланкі толтыру), өзіңе белгісіз сәттердің бәрін анықтаған соң айналадағыларды ұмытуға тырыс.

Сен үшін тапсырмалардың мазмұны және тест орындауға бөлінген

уақыт қана маңызды болуы тиіс. Асықпай жылдамдат. Уақыт сенің



жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс.


  • Жеңілден баста. Ұзақ ойлауды қажет ететін сұрақтан көрі, өзің білетін сұрақтарға жауап беруден баста.




  • Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды кейінге қалтыр, Есіңде болсын, сен артынан шешетін тапсырмалар кездесіп отырады.




  • Тапсырманы аяғына дейін оқы.




  • Өзің қарап отырған тапсырманы ғана ойла. Жаңа тапсырманы көрген кезде, алдында не болғаны жөнінде барлығын ұмыт. Әрбір жаңа тапсырманың балл алуға мүмкіндік екендігі жөнінде ғана ойла.




  • Уақытты үнемде барлық берілген уақыттың үштен екісін барлық жеңіл тапсырмаларды орындауға жұмса. Сосон ойлануды қажет ететін тапсырмаларға орал.




  • Тексер. Өз жұмысыңды тексеріп, қателерді байқауға уақыт қалтыр.




  • Ойлап, шеш. Жауабыңа күмәнмен қарасаң, жауаптың қайсысы дұрыс екенін индуктивті түрде анықта.




  • Ренжіме. Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ, есіңде болсын іс жүзінде бұндай болмайды. Тест тапсырмалары қиындықтың ең жоғары деңгейіне есептелген, сондықтан сенің шешкен тапсырмаларың жақсы баға үшін жеткілікті болуы мүмкін.



Ми әрекетінің тиімді жұмыс жасауы үшін оқушының моторикасын дамыту қажет. Ол үшін тоқу, тігу және жапсыру жұмыстарын жасау арқылы жаттықтыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет