Психолог мамандарға арналған тренингтер


Тренинг «Өмірдің тылсым жолдары»



бет5/9
Дата01.04.2017
өлшемі1,4 Mb.
#12913
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тренинг

«Өмірдің тылсым жолдары»



Мақсаты:

Ата -аналарды бала тәрбиесіне сұрақтарына қөңіл бөлуіне, өмірдің мәнің түсініп, тылсым жолдарын қарастыру,балаларының алдында шынайы авторитет болудың жолдарын үйрету, ата аналар, мұғалімдер және оқушылар арасында қызу пікірталас туғызу.



Құралдары:

А-4,өмір туралы нақыл сөздер, доп, фломастерлар, карындаштар, бояулар, стикерлар.



Әдісі: пікірталас

Қатысушылар: оқушылар 8-11 cынып ,мұғалімдер, ата- аналар.

Cабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сұрақ -жауап

ІІІ. Ойын «Түсін мені»

IV.Топпен жұмыс

VI.Бейнефильм

VII.Жағдаятты шешу

VIII.Топпен жұмыс

IX. Қорытынды-5мин( Құрметті оқушылар, ата аналар мен ұстаздар сіздердің алдынызда паракша қағаз жатыр , «Менің түйгенім» өз пікірлеріңізді жазыңыздар.)

Тренинг барысы:

I.Психолог: Қайырлы күн, құрметті қатысушылар! Мен сіздерді бүгінгі кездесуде көргенімізге қуаныштымын. Барлығымыз қолымызды ұстап, бір бірімізге хормен мына сөзді айтайық «Қайырлы күн!»

Бүгінгі пікірталас сабағымызда біз өзімізді қызықтыратын заманымызға сай мәселені талқыламақпыз. Біз адамдар арасында тұрамыз. Кәне жан-жағымызға көңіл бөлейік, адамдар жұмыс істейді, жұмысқа барады, демалады, бір-біріне қонаққа барады, өмірдің қызығын да, қайғысын да басынан кешіреді, өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, және де алдарына жаңа мақсаттар қоя біледі. Кейбіреулер өмірдің мақсатын түсінбей өмір сүреді. Ал енді біреулері осы өмірде өздеріне мақсат қойып, бір ерлік жасауға бейімдейді.



Сіздер өткен өмірлеріңізге шолып, нені өзгерткілеріңіз келеді, немесе өз өмірлеріңізге қанағатсыз ба, әлде ризасыз ба?- деген сұраққа жауап беріңіздерші!

Қараңыздаршы, ешкім қатыспай қалған жоқ, бәріміз ойланып қалдық. «Өмір», «Тағдыр» деген сұрақтар неліктен адамзатты қобалжытады екен? Немесе толғандырады?



Тақтада жазып тұрғанға сөздерге назар аудару

а) Бір адам 1820ж. туып-1858ж. қайтыс болған

3 жыл өмір сүрген

ә)Екінші адам 1840ж. туып-1865ж. қайтыс болған

120 жыл өмір сүрген.

II.Миға шабуылcұрақтар:

-Өмір немен өлшенеді?

-Сізше өмірдің бағасы неде?

-Өзіңізді адамдар есте сақтауы үшін өмірді қалай өткізу керек?

- Өмір адамға 1-ақ рет беріледі, осы қуаныштан өзіңді айыруға бола ма?

Неліктен?



  • «Өмір- теңдесі жоқ сыйлық» деген сөзді қалай түсінесіз?

Қызығушылығын ояту: ата- аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге доппен сурақтар кою:

ата- аналарға

мұғалімдерге

оқушыларға

Балаңыздың туған күні?

Бірінші қатарда ең соңғы партада 9 cыныпта кім отырады, көршісі кім?

Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

Сіздің сүйікті оқушыңыз?

Кеше сабактан қандай баға алдын?

Балаңыздың сүйікті асы қандай?

Оқушының ұнатпайтын қылықтары?

Мұғалім сабақ түсіндіргенде не туралы ойлайсын?

Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

Сіз үшін қандай қасиет бірінші орында: адамгершілік немесе білімділік

Мектептегі соңғы сэлфиің?

Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?




Әкенің еркелететің сөздер?

Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Баланың тәрбиесімен кім айналысу керек?

Ата- аналарың сендерді жазалағанда қандай сөздер айтады?


Балаларыңыз сізді немен қуантады?

Мінезі өте ауыр баламен қалай тіл табысасыз?

Ата-аналардың сендерді мадақтағанда қандай сөздер айтады?

Ойын: «Түсін мені»

6 адам ортаға шығады құлақтарын екі колымен жабады

1-ші адамға сурақтар кояды ол кісі зат есім сөзді табу керек сол сөзді параққа жазады парақты аударады. Екінші адамға бірінші адам сол сөзді табу үшін түсіндіреді бірақ басқа сөздермен

Қорытынды сөздерді дұрыс шықтыма әлде жоқ па?



Топпен жұмыс: Сұрақ үш топқа«Өмір дегеніміз не?»

І.Суретпен қорғау ата – аналарға

ІІ.Көрініс көрсету оқушыларға

ІІІ.Жарнама көрсету мұғалімдерге



Тренинг «Есті Мені»Топтарды екі адамнан бөлу

Бейнефильм «Стресс» (бейнефильді талдау)

Сұрақ: Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?

Ашудан шығу жолы:Ашу, ыза, кекті қағазға қағазға түсіру, оны аулақ лақтыру.

Кәмпит арқылы топтарды аралас отырғызу

Сенім почтадан хат

«Өмір сүріп жатқан әр секунд минутымызды бағалау, өмірдің қиындықтарын мойымай, қызықты өмір кешу керек дейді. бірақ мен бүгін түзелмес қате жасадым! Мен не айтарымды білмеймін, маған өмір өте қиын сияқты. Ешкімді көргім келмейді. Мен қайғыдан өлетін болдым. Қандай көмек маған берер едіңіз?»



Жаңа топпен жұмыс

А-3 екіге бөліп бір жағына

І.Өмірде кездесетін қиындықтар

ІІ.Өмірде кездесетін қиындықтан шығу жолдары



Топпен жұмыс

Әділеттілік, бірлік, бірлестік-ұйымшылдық, сенім ойын өткізейік.

1.Кіріспе: Ертегілерді оқу, көрініс көрсету

2.Сұрақтарға жауап айту

3.Дәйексөзді жаттау, өлендетіп айту топпен.



І топҰйымшылдық

Кіріспе:

  1. Аян құмырсқалар тіршілігін қызықтап, бақылап жүретін. Бір күні ол бір құмырсқаның кіщкентай шыбықты сүйреп әкетуге тырысып жүргенін көрді. Қанша тырысса да шыбықты орнынан қозғай алмады. Оған басқа бір құмырсқа көмекке жүгіріп келіп, бірге шыбықты қозғалта алмады. Тағы бір құмырсқа жүгіріп келіп үшеуі шыбықты көтеріп салып індеріне жеткізді.Осыны көріп таң қалған Аян папасына құмырсқалардың бірлесіп, бір біріне көмектескенін айтып берді. Папасы «Иә, құмырсқалар әрқашан бірлесіп, ұйымдаса жұмыс істейді» -, деді. Тек бірлестік пен ұйымдастықтын арқасында ғана олар үлкен індер салады.

  2. Дайексөзді жаттау: «Ең кәміл жетілген ұйымшылдыққа жету үшін күні түні талмай қызмет етіңдер»

  3. Бірлестік туралы сұхбат жүргізу, сұрақтарға жауап беру.

А) ұйымшылдық деген не?

Б) Не үшін бірлестік керек?

В) Бірлестік неден білінеді?

ІІ топ Бірлік.

Кіріспе:


1.Баяғыда бір патша өмір сүріпті. Ол өз балаларын сынап көргісі келеді. Ол әрқайсысына бір - бір сыпырғыш береді де, сындыруларын сұрайды. Олар қанща күш салса да сындыра алмайды. Сонда патша сыпырғыштың бауын шешіп, осы шыбықтардысындыруын сұрады. Бұл жолы ұлдары тапсырманы тез орындады. «Көрдіңдер ме, балаларым менің, егер сендер бірлікте болмасаңдар әрқайсыларынды тез - ақ жеңуге болады. Ал егер сендер бірге, бірлікте болсаңдар кез келген күшке қарсы тұра аласыңдар» - деді патша.

2.Дайексөзді жаттау: «Бірлік жарығының құдіреттілігі сонша, бүкіл әлемді нұрландыра алады»

3.Бірлік туралы сұхбат жүргізу, сұрақтарға жауап беру.

А) Бірлік деген не?

Б) Бірлік не үшін керек?

В) Бірлік неден байқалады?



ІІІ топ Сенім

1.Бір алыс елде баяғыда бір жас малшы өмір сүріпті. Бір күні баланың іші пысып, көршілерімен әзілдескісі келеді. Кенеттен ол: «Қасқыр! Қасқыр қойларға шапты!»- деп айғайлайды. Бүкіл көршілер жетіп келді. Қараса малшы құліп жатыр, қасқыр жоқ. Көршілер үй ұйіне қайтып кетеді. Келесі күні малшы бала өз әзілін қайталады. «Қасқыр! Қасқыр! Көмекке келіңдер!» Бұл жолы тек кейбір көршілер оған, оның сөзіне сеніп, көмекке жүгіріп келеді. Осы жолы бала тағы өздерін мазақ қылып отырғанын көріп, көршілері үйлеріне қайтып кетеді. Үшінші күні шынымен қасқыр қойларға шабады. «Қасқыр! Қасқыр! Көмектесіңдер!» -деп айғайлайды қорыққан қойшы. Бірақ ешкім оның сөзіне сенбей, ешбіреуі көмекке келмейді. Сөйтіп, малшы бала барлық қойларынан айырылды, өйткені ол өзіне деген сенімнен айырылды.

2.Дайексөзді жаттау: «Көршінің сеніміне лайық бол»

3.Сенім туралы сұхбат жүргізу, сұрақтарға жауап беру.

А) Сенім деген не?

Б) Сенімділік не үшін керек?

В) Сенім неден білінеді?
Қорытынды:

Ақын Мұқағали ағамыз өмір туралы тамаша өлең жазған:\

Өмір..

Күлдіріп тұрып, жылатады



Көтеріп тұрып құлатады.

«Уф» еткен желге дірілдей көрме

Шыдамдылықты ұнатады

Өмір!!!


Бізде қазіргі уақытта шыдамдылық, сабырлық жетпей жатады. Мен сіздерге шыдамдылық тілеймін. Осы өмір туралы ойымызды қорыта келе түйінді ойымызды ортаға салсақ

Ой шақыру: Тақтада ілген А-3 жазған сұрақтарды.

Мен кіммін?

Мен өмірге не үшін келдім?

Өмірдің мәні неде?

Адам үшін ең құдіретті не?

Адам бақытты болу үшін не керек?



Әр адамның жүрегінде махаббат бар ма?
Барлығымыз қолымызды ұстап, бір бірімізге хормен мына сөзді айтайық «Келесі кездескенше!»




Каталог: CBEC0794AEE22C49
CBEC0794AEE22C49 -> Сыныбы: 9 Тақырыбы: «Елбасының нұрлы жолы»
CBEC0794AEE22C49 -> «Келісемін»: «Бекітемін»: Тәрбие ісінің меңгерушісі Ақмешіт ауылының №15орта мектеп мм- нің директоры
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы : Ынтымақ түбі береке. Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық,береке-бірлік,татулық туралы түсінік беру
CBEC0794AEE22C49 -> Әдістемелік құрал
CBEC0794AEE22C49 -> Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакиева Айнагүл Олжабаевна Әдебиет 8 сынып Тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: «Абай -дана, Абай- дара»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері
CBEC0794AEE22C49 -> Р/с Жұмыстың мазмұны
CBEC0794AEE22C49 -> Эстетикалық пәндер бірлестігінің жылдық жұмыс жоспар 2014-2015 оқу жылы
CBEC0794AEE22C49 -> Патша жүрістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет