«Психология» 1- тақырып. Психологияға кіріспе Студент аталған тақырыптан нені біледі?



бет5/9
Дата08.10.2024
өлшемі40,68 Kb.
#205824
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 - дәріс

Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайды жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттелушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады. Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тиімді тәсіл-дерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы.
Психологияда екі түрлі эксперимент қолданылады: зертханалық және табиғи.
Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық экспсримент адамның психикалық ерскшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистаскоп көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.
Ғылымның тарихы ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рол алатындығын дәлелдеді. Психология ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі, XIX ғасырдың II жартысында өз алдына жеке ғылым болып, философиядан бөлініп шықты. Осы кезеңде психологияда бір жүйелі эксперименталдық зерттеулер жүргізіле бастады (В.Фехнер, Э.Вебер, В.Вундт және т.б.)
Эксперимент - бұл себеп-салдарлық байланысты зерттеу мақсатындағы зерттеушілік қызмет болып табылады. Ол төмендегіше іске асады:
1. Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әсер етеді.
2. Экспериментті жүргізуші өтіп жатқан құбылыстың шартын өзгертуі мүмкін.
3. Экспериментте оның нәтижесін бірнеше рет қайта жаңғыртуға мүмкіншілігі болады.
4.Нәтижесінде эксперимент сандық заңдылықтардың математикалық амалдарын айқындайды.
Эксперимент психологияның әдісі ретінде психофизиканың және психофизиологияның саласында пайда болды және психологияда кеңінен тарады.
Зертханалық экспериментке қарсы үш түрлі пікір қалыптасты: біріншіден, эксперименттің жасандылығы атап көрсетілді, екіншіден, сараптамалық сипаты, үшіншіден, эксперименттің абстрактылығы, экспериментаторға қиындық туғызуы.
Табиғи эксперименттің зертханалық зксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Бақылау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісіболып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болды (1910). Оның негізгі мақсаты -зерттеудің эксперименталдық сипатын табиғилық жағдайлармен ұштастыру.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу міндеттерін шешетін экспериментті психологиялық - педагогикалық эксперимент деп атайды. Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің таным мүмкіншіліктерін зерттеуде және жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда оның рөлі ерекше.
Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы экспериментдеп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет