«Психология» 1- тақырып. Психологияға кіріспе Студент аталған тақырыптан нені біледі?



бет1/9
Дата08.10.2024
өлшемі40,68 Kb.
#205824
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 - дәріс



«Психология»


1- тақырып. Психологияға кіріспе


Студент аталған тақырыптан нені біледі?
Психология ғылымының қалыптасуы; Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі
психологияның орны және міндеттері; психологияның әдістерін;
Студент алған білімін қалай қолдана алады?
Дәріс барысында студент алған білімін тұлғаның тиімді өмір сүруге ықпал ететін жеке салаларының (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы) іс жүзіндегі ерекшеліктерін талдауға, салыстыруға үйренеді.


Дәріс тақырыбының негізгі сұрақтары:

  1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;

  2. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;

  3. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.







1.Психология пәнінің зерттеу объектісі.
Психология – психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстың үш түрі бар:
1.психикалық процестер;
2.психикалық қасиеттер;
3.психикалық қалып (сана).
1. Осы психикалық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып, адамның өмірінде, оның іс-әрекетінде диалектикалық бірлікте жүріп жатады.
Психология - ерте заманнан бері дамып келе жатқан пән. Психология мәселелерін жүйелі түрде шешіп, грек елінің атақты философы Аристотель бірінші рет “Жан туралы” ғылыми еңбегінде жазған (б.э.д. 384-322ж). Психология грек сөзі: (псюхэ-жан, логос-ілім). Дәлме-дәл мағынасы жан тралы ілім деген мағынаны білдіреді.
Буржуазиялық философияның айтуынша, жан тенсіз, тәнсіз болатын сияқты, адамның тірі кезінде жан оның денесінде өмір сүреді-мыс, ал өлгенде ұшып кетеді-мыс деген пікірде болған. Олардың айтуынша адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, оның себепшісі де жан болып есептеледі .
Ғылым мұндай жалған елестердің қате екендігін дәлелдеді. Психикалық құбылыстардың материялық процестерден туатынын, оның барлық салалары да нерв системасына байланысты екенін ғылым іспен көрсетті.
2. Дүниеге көзқарастың негізгі мәселесі – ойдың болмысқа, рухтың табиғатқа қатысы жөніндегі мәселе. Осы негізгі мәселені - ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселені – шешуіне қарай философтар екіге бөлінеді. Материяны алғашқы (бірінші) деп таныған философтар материалистер деп аталады.
Олар материяны адам түйсігі арқылы танылатын санаға тәуелді емес, объективтік шындық деп қарайды.
Ал оған қарама-қарсы көзқарас, бірінші өмір сүрген материя емес, сана деп түсіндіреді, олар рух табиғаттан бұрын жаралды және материяға тәуелсіз өмір сүреді деп керсінше топшылады.
Сананы алғашқы деп танитын философтар идеалистер деп аталады. Дүниеге идеалистік тұрғыдан қарау, қалай болған күнде де дінді қолдады.
Материалистік ілім психикалық процестер мен ерекшеліктерді органикалық дүниенің белгілі бір даму сатысында пайда болған қасиеті деп санап, оларды бейнелеудің жоғары формасы ретінде түсіндіреді. Психиканы айналадағы объективтік шындықтың біздің жоғары сатыда жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі деп таниды.
Психика айрықша ұйымдастырылған материяның ең жоғары қасиеті. Айрықша ұйымдастырылған материя дегеніміз - ми, жүйке, сала; психика – мидың қасиетті функциясы.
Материя психиканың негізі, материясыз психика да жоқ; психика материяның қасиеті, қуаты. Психика биологиялық және физикалық құбылыстардың бірлігінің нәтижесінен туындайтын құбылыс.
Психиканың биологиялық негізі-миға сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстар әсер етпесе, ми өздігінен психиканы туғыза бермейді.
Айналадағы ақиқат дүние біздің жүйке санамызға, яғни миға әсер еткенде ғана соның бейнесі, сәулесі, суреті ретінде психика пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет