Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910).
Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады. Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау. Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды. Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау. Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу. Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Психология әрдайым дамып келеді және жаңа кен орындар мен филиалдар пайда бола бермек. Психологияның бірде-бір саласы басқа адамдарға қарағанда маңызды немесе жақсы емес екендігін есте ұстаған жөн. Әрбір нақты аймақ сіздің кім екеніңізге, өзін қалай ұстауға және қалай ойлайтыныңызға әсер ететін көптеген түрлі психологиялық факторларды түсінуге көмектеседі.