В.Вундттің психологияның ғылым ретінде дамуына қосқан үлесі
ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология ғылымының кең көлемді дамуын ғылыми психологияның негізін салушылардың бірі, неміс психологы Вильгельм Вунд ұсынды.
Оның жоспары зерттеудің екі бағытын қамтыды:
Индивидуалды сана талдауы (зерттелушінің эксперименталды бақыланатын өзіндік бақылауы);
Мәдениет, миф, әр халықтың адамгершілігінің психологиялық аспектілерін зерттеу.
Зерттеудің бірінші бағыты: «Физиологиялық психология», екінші бағыты «Халықтар психологиясы» атауларына ие болды.
В.Вундттың еңбектерінің қатарына 1879 жылы Лейпциг қаласында Әлемдегі алғашқы психологиялық лабораторияны ашуы жатады. Ол соңынан ғылыми зерттеу институтына айналды. Онда көптеген атақты психологтар, соның ішінде атақты Ресей психологы және психиатры Владимир Михайлович Бехтерев білім алды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психологияда бірнеше ғылыми мектептер пайда бола бастады.
Психология ғылымының салалары мен тармақтары
Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады. 1.Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні — адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады
2.Жас кезеңдерінің психологнясы — әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы.
3.Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.
4.Еңбек психологиясы — адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясының мақсаты — әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру.
5.Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді
6. Әскери психологияның ең басты міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердін. мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындаш қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыста-рын жүргізу, дұшпанға дейген өшпенділік сезімдерінік оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.
7. ӘлеуметтІк-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-катынастағы психологиялық кұбылыстардың сырын зерттейді.
8. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады, Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара карым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәседелернің психологиялық факторларын зерттсйді.
9. Сауда психологиясы — қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді
10. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы — соңғы кездерде зерттеле бастаған сала, Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі.
11. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер —- әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары.
12. Салыстырмалы психология психиканын филогенетикалық түрлерін карастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады.
13. Заң психологиясы хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, кылмыс психологиясы, еқбекпен түзету психологиясы (пенитендиарлы) деп аталатын тармактардан құралады.
Психология үшін қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, әлуметтану, өнертану, заң және т.б. Зерттеулеріндегі проблеммалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Психологиялық факторлар өздігінен әлуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше, олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін.Мысалға:
Педагогика оқу тәрбие жұмысындағы психология- лық,заңдылықтарын қарастырады.
Анатомия физиологиямен нерв жүйесінің қызметінің және жоғарғы нерв жүйесінің қызметінің дамуын зерттейді.
Философия белгілі бір қоғамдық тарихи жағдайды жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын зерттей келе,психология тарихи материализмнің маңызды қағидаларын зерттейді.