2.4 Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
Психологияның басқа ғылымдар жүйесігдегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтиежелерін өзіне қалай қолданылатынын жете түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейі мен сараптау схемасынан келіп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бірде бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология сияқты жиі өзгеріп тұрған емес. Қазіргі күнде академик Б.М. Кедров ұсынған сарап әдісі қабылданған. Бұл әдіс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негізделген. Ұсынылған схема – шыңдарына жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдар қонақталған-үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған міндеттерге орай психология бағытын бұрыш шыңдарының біріне бұрып отырады.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу обьекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық сипаты қандай?
Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы обьектив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың обьектив шындық бейнесі екендігі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның обьектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталу тиіс. Сонымен бірге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті барлық уақытта адам өмірінің обьектив жағдайлары мен байланысып қалмастан, оның субьектив мезеттерімен де қатынаста болады. Ғылыми психололгия барша психикалық құбылыстардың (қаншама күрделі болмасын) материялдық негізі бас ми қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесі болатындығына арқа сүйей отырып, субьектив және обьектив жағдайлардың өзара ықпалды болатынын шынайы заңдалықты дәлелдеуде негізделіп бере алады. Осы байланыстардың түзілуі және олардың қызметтес болуынан психикалық құбылыстар адам іс-әрекетіне ықпал жасап, оны реттеп, бағыттайды, шындықты санада бейнелеуде адамға өз әсерін тигізеді.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің обьектив жағдайларына тәуелді заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелену механихмдерін де айқындайды. Осыған орай, психология физиологиямен, дәлірек айтсақ, жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсіз.
Психологияның дербес ғылымға айналуының оның 19ғ басталған жаратылыстану ғылымдарымен бірлікте зерттелуі үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың нәтиежиесінде психологияға эксперименталды әдіс енді. Рефлекторлы теория ашылды.. Қазіргі заман психология проблемаларының зерттелуіне Ч. Дарвиннің эвалюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигізіп, тіршілік иелерінің құбылмалы орта жағдайына икемделдегі психиканың ролін анықтауға, жоғарғы психикалық әрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсінуге мүмкіндік береді.
Психология жеткілікті дәрежеде өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі ерекшеліктерді айыра білу қажет. Әсіресе, біртекті ұлы ортада жасаған бір жасушалардың клеткалы өмір
тұрқынан қоршаған ортада белсенді бағдар-бағыттылықты талап ететін құрлықтағы тіршілік иесі – көп жасушалардың күрделі өмір формасына өтудегі өзгерістерін анықтап білген жөн. Жәндіктер жүйесімен жоғарғы омыртқылылардың тіршілік принцптері арасындағы айырмашылықтарды да білгеннің маңызы үлкен. Икемднлудің жалпы биологиялық принцптерін білмей, жануарлар қылық-әрекетінің ерекше бітістерін дәл түсіну мүмкін емес, ал онсыз адамның күрделі формадағы психикалық әрекеттерін ұғу биологиялық тұғырынан айырылады. Сонымен бірге естен шығармайтын жәйт, психология ғылымының пәндік негізін құрайтын деректерді ешуақытта биологиялық деректермен баламастыруға болмайды.
Психология үшін оның қоғамдық ғылымдар мен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих,экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. зертеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизмі, әрекет, әдет, әлеуметтік бағыт, тәртіп-талап стереотиптерінің қалыптастыру заңдылықтары жөніндегі бөлімдерді пайдаланбай, кәйіп, сезім, мінезін, психологиялық климаты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерін, қабілетін, сезімін, мінезін, адам аралық қатынастарын зерттемей, әлеуметтік процестер мен құбылыстардың мәні толық ашылмайды, яғни, ықшамдап айтсақ, әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторды ескеру заңды қажеттілік. Психологиялық факторлар өздігінен әлеуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін. Адамның психикалық іс-әрекеттерінің негізгі формалары қоғамдық тарих шарттарына орай туындап, дәстүрлі обьектив іс-әрекет жағдайында өрісін тауып, еңбек, еңбек құралдары мен тілді қолдануға байланысты қалыптасады. Келтірілген пікірлер психологияның қоғамдық ғылымдар мен болған байланысының маңыздылығын дәлелдеп тұр. Егер жануар қылық-әрекетінің қалыптасуы тіршіліктің биологиялық жағдайларына түбегейлі тәуелді болса, адам қылығының қалыптасуы қоғамдық тарих шарттарымен ажырамас байланыс. Ең алдымен психикалық әрекет-қылықтың адамға тән ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымы қоғамның негізгі заңдарын қорытушы әлеуметтік ғылымдар деректерінсіз бір қадам да ілгерілей алмайды. Адамның психикалық әрекетіне арқау болатын қоғамдық шарттарды зейінділікпен көре білу психологияның берік ғылымы тұғырға орнығуға мүмкіндік береді.
Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Әдетте, бұл сабақтас бұрыннан да белгілі, кезінде К.Д Ушинский: «Адамды жан жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет», - деген еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жөніндегі білімдерге сүйенбесе, онда ол қара – дүрсін педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып шын мәнінде ғылым болудан қалып, мұғалімге ешқагдай жәрдем бере алмайды. Педагогиканың барша салаларының (жалпы теория, дидактика, пән әдістемесі, тәрбие теориясы) даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдалықтарын; білім, ептілік және дағдалардың қалыптасуын: адам қабілеттері мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б. сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағына – маңызға ие.
Қазіргі кезде нарықтық қоғам оқушысын неге үйрету керек? Ғылым топтағы асқар тау ақпарат қорынан мектеп үшін нендей білімді және оны қалай алу керек? – дегендей мың сан проблема қолданып тұр. Бұлардың бәріне шешім табу, адамның әр жас деңгейіндегі психикалық даму мүмкіндіктерін және олардың шешімдерін белгілеу педагогикалық психологияның міндеті.
Психологияның аса қажеттігі педагогиканың тәрбие проблемаларына орай байқалады. Тәрбиенің мақсаты даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке адамды қалыптастыру. Ал бұл мақсатқа жету жеке адамның қалыптастыру заңдылықтарын: бағыт-бағдар, қабілет, қажеттілік, дүниетаным және т.б. зерттеуді қажет етеді. Айтылғандар қазіргі заман психологияның ғылымдар тоғысында тұрғанның дәлелі, яғни психология бір жағынан философия ғылымдары, екінші тарапынан жаратылыстану ғылымдары, үшінші жағынан әлеуметтік ғылымдар болған аралықта орналасқан.
Солай болса да, барша ғылымдар мен байланыса, психология өз пәніне, өзінің теориялық принцптеріне және өзінің зерттеу әдістеріне иелігімен дербестенетінін ұмытпау керек. Дербес ғылым ретінде психология аймағанда өзара байланысы сырт көзге байқала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар сырттай қарағанда «сиыспайтындай» болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір – психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу обьектісі жалғыз-ақ: ол-адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |