Дитель Вильгельм Гештальт Сипаттамалық Ерекше аумақтар Психология теориясы
Психология пәнінің мақсаты
Психология пәнінің мақсаты:жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.
Психология пәнінің міндеттері
Психология пәнінің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; 2) әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту; 3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.
Психология пәнінің салалары
Еңбек психологиясы
Еңбек қарекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Педагогикалық психология
Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары:
1. Оқыту;
2. тәрбие;
3. Ұстаз.
Медициналық психология
Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология психофармакология психотерапия психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.