Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.
Әскери психология
Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.Әскери психология әскери қызметшілердің психологиялық, қасиеттерінің қалыптасу зандылықтарын (қызығушылық, дағды, қабілет, мінез, темперамент және т.б.), сондай-ақ жауынгерлердің санасы мен эмоциясын зерттейді. Бұл зерттеулердің нәтижелері қарулы күштердің жеке құрамы бойында кажетті ерік сапаларын тәрбиелеу кезінде тәжірибелік тұрғыдан қолданылады