Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi: - адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi,
- елiктеу,
- сендiру және нандыру,
- ұйымшылдық немесе жанжалдық,
- бiрiккен iс-әрекет,
- тұлғааралық қатынастар.
Қарым-қатынас стратегиясы - Ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
- Монологты стратегия.
- Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).
5-тақырып. Зейін. Қабылдау. Түйсік. Зейін – психикалық әрекеттердің қандай да бір объектіге бағытталып шоғырлануы. Зейіннің физиологиялық негіздері - Зейін ми қабығының функцияларымен байланысты болады. И.П. Павлов бойынша, уақыттың әрбір сәтінде ми қабығында қандай да бір қабат қозуға даяр болады. Бұл аймақ жүйке қабатының индукция процесіне сәйкес жүреді.
- И.П. Павловтың “Қозудың оптималды алабы” теориясын А.А. Ухтомскийдің доминанта теориясы толықтыра түседі. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алабты доминанта деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |