Психология және Педагогика



бет2/3
Дата03.03.2022
өлшемі44,09 Kb.
#134247
түріКодекс
1   2   3
Байланысты:
5 апта Реферат

Конфиденциялдылық (жасырындылық, құпиялылық). Сеанстың кезінде орын алған барлық жағдайларды құпияда ұстау іскерлігі практикалық психологияның маңызды қағидасы болып табылады. Практикалық психологтың іс-әрекетіне іс-әрекеттің басқа түрлеріндегідей кәсіби құпия тән, яғни нақты ақпарат мамандардың тек аздаған шеңберіне ғана жарияланатын ережені ұстану қажет. Оны клиенттің, сондай-ақ, психологтың өзінің қызығушылықтары да талап етеді.

Бұл қарапайым міндет емес. Психологтың қатынасу жүйесіндегі орны мен мәртебесі оның нақты психологиялық ақпаратты ұсынуында. Оның астарында жеке-дара ақпаратқа да қатысты талаптар ұсынылуы мүмкін. Психологтың кәсіби борышы оның клиент жайлы ақпаратты қайсібір қызметтегі адамға айтуға мүмкіндік бермейді. Ата–аналардың өзі баланың көмек сұрай келгенінің себепшісі болса да, ол қағиданы ұстану қажет. Психолог ең алдымен, клиентінің хұқықтарын қорғайды, сондықтан да конфиденциялдылық олардың маңызды бөлімі болып табылады. Конфиденциялдылық қағидасының сақталуы маманға деген сенімді қалыптастырады әрі өнімді қатынастардың орнығуына ықпал етеді.
Сонымен бірге, конфиденциялдылықтың өзіндік шеңбері бар әрі ол жайында клиенттке жұмыстың басында–ақ ескертуі тиіс. Егер клиент өз өміріне, денсалығына, есендігіне немесе басқа адамдардың өміріне ықтималды қауіптің төнгендігі жайлы ақпаратты хабарласа, психолог оның алдын алу шараларын жасайды. Ал ол басқа адамдардың кірісуін және ақпараттың жария етілуін талап ету мүмкін. Мәселен, психолог адамның өз өзіне қол жұмсауды ойластырғаны, қылмыс немее баланың үйінен қашуы жайлы хабарларды назарынан тыс қалдыра алмайды. Клиенттің қызметтестермен, ең алдымен супервизормен талқылау мүмкіндігі де жұмыстың бастапқы сатысында хабарланады. Топпен жұмыс барысындағы конфиденциялдылық ерекше қарастырылуы тиіс. Психолог топта орын алған жағдайлар оның шеңберінен шықпайтын сенімділік ахуалын орната алатындай топтық нормаларды қалыптастыруға жауап береді.

  1. Эмпатия. Бұл қағида клиентті бар қалпында қабылдау қатынасына байланысты. Адам не айтса да барлығы назар аударуға лайық болуы тиіс. Психолог адамды және оның проблемаларын бар қалпында мойындайды. Сондай жағдайда ғана клиент өзін қабылдауға қабілетті болады. Осы ситуацияның парадоксалдылығы адамның өзін қабылдап ғана өзгеруге қабілетті болады.

Әрине, психологтың өзіндік адами, азаматтық және кәсіби құндылықтары мен идеалдары бар. Алайда, ол өз құндылықтарының әмбебап мәніне сенімді болған жағдайдың өзінде де, клиенттің құндылықтары оның өз қүндылықтарынан «нашар» болса да, оларды шеттемейді, клиентті өз сеніміне қарай бұрмайды, сектантқа немесе миссионерге айналмайды. Психолог «игі жолды» нұсқамайды. Практикалық психологтың жалғыз идеалы бар ол – дені сау қызмет ету идеалы мен дербес қорларының негізінде тұлғаның дамуын бетке алу идеалы. Психологтың ұстанымы кінаның уырлығын бағалауда, клиентті ақтауда, кеңес беруде емес, тұлғалық жетілуге көмектесуде.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет