Психология менің өмірімде және кәсібімде
Менің өмірімде психология маңызды рөл атқарады, өйткені мені қоршап тұрғанның бәрі менің санама әсер етері сөзсіз. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалай тиімді құруға және менің кәсіби тағдырымды түсінуге үйретеді, және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және жақындарымен қарым-қатынастардағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.
Психология — жеке тұлғаның ішкі жан дүниесі, мінез-құлқы, түрлі сезімдері мен ақыл-ойы. Психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Психология адамға мінез -құлық, қарым -қатынас, қоршаған әлемді білу және мінез ерекшеліктерінің әдеттегі жиынтығы ретінде көрінеді. Шын мәнінде, психология - бұл біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі. Мектеп, университет, жұмыс - барлық жерде әр түрлі адамдармен байланысу қажет. Адаммен дұрыс қарым -қатынас жасай білу үшін психолог болу міндетті емес, тек психологияның қарапайым негіздерін білу жеткілікті. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде психологпыз: туыстар үшін, достар үшін.
Психология менің өмірімде және кәсібімде маңызды рөл атқарады, өйткені мен қоршап тұрғанның бәрі менің санама әсер ететініне сенемін. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, тұлғааралық қарым-қатынасты қалай тиімді құруға және кәсіби тұрғыда өзімнің жеке шешім қабылдауымды түсінуге үйретеді, ең бастысы жақындарыңмен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді. Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психолгиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді. Қазіргі таңда таңдап отырған мамандығым ол екі шет тілі пәні . Яғни болашақта ұстаз боламын. Ұстаз болу да ол жауапкершілікті талап етеді . Себебі сен тек сабақ беріп қоймай , оқушымен қарым-қатынаста болып оны тәрбиелеу ол да психологиялық тұрғыға жатады. Қорытындылай келе психология ол біздің өмірімізде ерекше орын алаты сөзсіз.