Стресс әрбір жас адамның өмірінде кездеседі, өйткені стресстік импульстар адам өмірі мен іс-әрекетінің барлық аумағын қамтиды.
Стресс әрбір жас адамның өмірінде кездеседі, өйткені стресстік импульстар адам өмірі мен іс-әрекетінің барлық аумағын қамтиды.
Жас адамның ағзасын түбегейлі өзгертетіндер: эгоцентристік (эгоизм), қызығушылықтарының бұрмалануы, фанаттыққа ұмтылу, өз мүмкіндіктерін мойындамау, истероидтылық және т.б.
Осылардың нәтижесінде адам өз хал-ақуалына қанағаттанбайды. Мұның барлығы стресстің пайда болуына әкеліп соғады.
В.Ф.Калошин стресстік күйге жиі түсетін жастардың типін келесідей бөліп көрсетеді:
гиперәлеуметтік – жастардың шектен тыс «шыншыл» болғаны, тым жауапкершілігі, адамгершілігі жоғары, өзіне аса жоғары талаптар қою, ең алдымен әлеуметтік жетістікке жетуді ойлау, мансапқа қол жеткізу;
максималист – егер жастар барлық жерде ашу-ызаға, әділетсіздікке, дискриминацияға куә болса, онда олар әрдайым бар әлеммен өштесіп өмір сүреді. Ең соңында өздері жалғыздықта қалып қоятындар;
тура – ригидті, ымыраға келмейтін тұлға – тек қана «иә» немесе «жоқ», ақ немесе қара, барлық нәрсе қандай болмасын жүзеге асу керек дейтіндер;
әлсіз – төмен бейімделген адам – туылғаннан немесе өмір ағымында мүмкіндіктері шектеулі әрі тек физикалық жағынан ғана әлсіз емес, психикалық және әлеуметтік әлсіз жастар;
мазасыз – күдікшіл жастарға әрдайым қорқыныш сезімі тән болғандықтан, ағзаны әлсіздендіреді. Бұл типтегі жастар әрқашан өздерін ауру сезініп жүреді;
волюнтаристер − ереже бойынша өмірді «кейінге» қалдыратындар. Жастардың көбісі жұмыста, шығармашылықта көп шаруаларын «кейінге» ысырып қояды. Бірақ әрдайым «кейінге» қала берген де түрлі бастан кешулерге, реніштерге, қанағаттанбауға алып келеді.
2.3 Стресстің белгілері
Қоршаған орта
стратегиясы
Ескерту
стратегиясы
Әрекет
стратегиясы
Мақсат
Стресстің
факторларын жою
Стресске қарсы тұру стратегияларын дайындау
Стресс жағдайында жұмыс істеудің уақытша механизмдерін жасау
Эффект
Тұрақты
Ұзақ мерзімді
Қысқа мерзімді
Әдіс-тәсіл
Қоршаған ортаны дайындау
Проактивті
Реактивті
Уақыт
Ұзақ уақыт
Орта ұзақтық
Жедел нәтиже
Стрессті басқару деңгейлері
белгілерді бейтараптандыру (ең оңай және оның нәтижелері тұрақсыз болады)
кернеудің төмендеуі
себептерді жою (ең көп уақытты қажет етеді, бірақ ең сенімді болып табылады)
Осыдан стрессті басқарудың стратегияларын анықтап шығаруға болады: