Дәріс мақсаты: білімалушылардың ерік түсінігі, ерікті актінің құрылымы, шешім қабылдау және таңдау мәселесі, тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы, стресс түсінігі, стресске жауап берудің жеке стилдері мен стресске тұрақтылық түсінігі туралы білімдерін тереңдету.
Дәріс мақсаты: білімалушылардың ерік түсінігі, ерікті актінің құрылымы, шешім қабылдау және таңдау мәселесі, тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы, стресс түсінігі, стресске жауап берудің жеке стилдері мен стресске тұрақтылық түсінігі туралы білімдерін тереңдету.
Дәріс жоспары:
Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі. Ерік және тұлға
Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Стресс түсінігі, түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі
Психикалық үдерістер– бейнелеу–реттеу іс-әрекеттерінің жекеленген тұтас қозғалысы.
Психикалық үдерістер – бейнелеу–реттеу іс-әрекеттерінің жекеленген тұтас қозғалысы.
Психикалық үдерістер психикалық құбылыстардың бастау көзі.
Психикалық үдерістер түрі:
танымдық (түйсік, қабылдау, ойлау, қиял және жад)
еріктік
көңіл-күйлік
Адамның психикалық іс-әрекеті – бұл таным, ерік және көңіл-күй үдерістерінің бірігімі.
Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттеу қабілеті, өзінің барлық күшін қойылған мақсатқа жетуге бағыттауды білдіретін ұғым.
Ерік – іс-әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы.
Іс-әрекетті орындау тұлғаның іс-әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару.
Еріктік іс-әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс-әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған.
Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және дене күшін саналы түрде бағыттау болып табылады.
мотивтердің ішкі күресі еріктік акттің пайда болуы мен іске асу шартыретінде көрінеді
Ерікті әрекеттер мен амалдар мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс, басқаша айтқанда ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет, бұл әрекет бірнеше кезеңдерден не сатылардан тұрады.
Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс, адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет, қылықтардан көрініп отырады.
Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде бастан кешетін толғаныстардың болуымен сипатталады.