13. Мінез акцентуациясының түсінігі. Истериалық, шизоидтық, психастениялық сипаттардың негізгі клиникалық және психологиялық параметрлері. Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші.Акцентуация туралы белгілі неміс психиатры К.Леонгард қалыпты жеке адамның шекті варианты ретінде мінездің шектен шығуын жазды.К.Леонгард өзінің «Шектен шыққан жеке адам» (1981ж.) деген кітабында қалыптасып келе жатқан шектен шыққан жеке адам мен адамның жекеленген белгілері арасын бөлу үнемі оңайға түспейді деп жазды.Сонымен қатар ол жекке адамның шектен шыққан және патологиялық мінезі туралы түсінікті бөліп қарайды.
Истериялық (өзімшіл) тип Истериялық психопатия клиникасының негізгі белгісі айқынды дарашылық, не болсада айналадағылардан бөліну, бірінші болу. Истериялық психопатияға тән барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу.Неміс психиатры Шнайдер мұндай адамдарды «мойындатуды көксеу» деп атады. Истероидтық психопатияның белгілері жыныстық жетілмеген және жыныстық жетілген кезде, кейде жас балаларда да кездеседі. Психопатияның осы түрі жиі әйелдерде, ал кейде ердерде де болады. Мұндай адамдардың дарашылдығы,мойындатуды көксеуі жасандылық, қоқилану және қыр көрсетумен бірге болады. Бұлардың кызметі басқалардан артықшылығын көрсету,назардың ортасында болу.Олардың әлеуметтік жетілмеуі,қызметтің жоғарғы түрі жігердің аз, ынталық қабілеттің болмауы, еңбекке деген немқұрайлық ретінде білінеді. Олардың көңіл - күйі жылжымалы және тұрақсыз болады. Олар оңай иланады, өтірік пен қиялға жақын болады. Олардың тәртібінде қарама-қарсылық кездеседі.Кейбіреулерге олар жұмсақ және мейірімді, ал басқаларға дөрекі, қатыгез және мейірімсіз болады. Олар жасанды және жалған болады. Олардың өрбір қозғалысы сырткы күшті әсер ету үшін халыққа, көрушілерге арналған. Мұндай балалар бала-бақшада, артынан мектепте басқа балаларды төстеп-билеуді жақсы көреді. Олар таңертенгі спектакльдерде ән айтып, өлең оқып, билегенді жақсы көріп, күншіл және қызғаншақ, айналадағынардан бөлек көріну үшін жаркырай және сәнді киінеді.