«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы



бет1/27
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181715
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
«Ïñèõîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà äèôôåðåíöèàëäû ñûíà? ñ?ðà?òàðû Çåé³í ò


«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары
3. Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - нерв жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі. Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозьп, тежеліп) тұруы нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады.
Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады. Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – 4 сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады. Алаң болушылық - зейіннің толқуынан көрінеді. Зейінде толқу болып отырады. Бірақ зейіннің толқуы көп уақытқа созылмайды, ары кетсе 2-3 секундтқа қана созылады. Зейіннің әрлі-берлі сәл ауытқуы күрделі, қызықты істі атқару кезіндегі зейін тұрақтылығына онша кедергі бола қоймайды.
Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны өшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады. Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан көрінеді. Зейіннің шоғырлануы оның аумағы мен бөлінуімен тығыз байланысты. Зейін тартатын нәрсе неғұрлым аз болса, зейін кӛбірек шоғырлануына мүмкіндік туады, ал зейін түсетін нәрсе соғұрлым көп болса, зейін аз шоғырланып, жан –жаққа шашырап кетеді.
Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі - ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы.
Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын, әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін бұл қағазды 5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте 6-7 затты жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және бір-біріне өте жақын жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін көлемі күрт тарылады.
Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығы, оның саналы түрде болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл кӛшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің кӛрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет