Байланысты: «Ïñèõîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà äèôôåðåíöèàëäû ñûíà? ñ?ðà?òàðû Çåé³í ò
5. Ес туралы түсінік. Ес процестері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Ес-дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процесс.
Естің негізінде ассоциациялар немесе байланыстар жатады. Ақиқат дүниедегі бір-бірімен байланысты зат немесе құбылыстар адамның есінде де байланысып сақталады. Бір нәрсені еске сақтау - оны байланыстыр. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды, бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетесек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлігін тудыруға себеп болады. Ассоциациялардың іргелестік, ұқсастық және қарама-
қарсылық деген үш түрі бар. 1)
Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі елес өзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады. 2)Ұқсастық жөніндегі ассоциация ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді, оның біреуінің аталуы екіншісін еске түсіреді. Мысалы, мұғалім география сабағында оқушыларды Австралия порттарының аттарымен таныстырып тұрып олардың біреуінің аты Аделаида деген әйел атына ұқсас екенін айтады, сӛйтіп есте сақтауды жеңілдететін ұқсастық ассоциациясын жасайды. 3)Қарама-қарсылық ассоциациясы қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады. Мәселен, шөлейт аймақ ерекшелігі орманды аймақпен қарама-қарсылықта есте қалады. Сол сияқты қарама-қарсылық ассоциациясында бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты не құбылысты еске түсіреді. (Ақ пен қара, биік пен аласа, айқайшу мен тымтырыс т. б.).
Естің процестері есте сақтау, қайта жаңғырту, тану мен ұмыту. Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай есте сақтау ықтиярлы және ықтиярсыз болады. Ықтиярсыз есте сақтау – бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды, есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, есте ықтиярсыз сақталады. Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бӛлінеді. Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген. Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген.
Қайта жаңғырту ықтиярсыз және ықтиярлы болып екіге бөлінеді. Ықтиярсыз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Бейнелердің өздігінен, көбіне ассоциация бойынша керініс беріп, еске түсіру мақсатынсыз ойламаған жердей жанғыруын - ықтиярсыз қайта жаңғырту дейміз.
Ықтиярлы жаңғырту дегеніміз - бұрынғы ой, сезім, талап, әрекеттерді санада мақсатты түрде қалпына келтіру процесі. ЬІқтиярлы қайта жанғырту - әдейілеп еске түсіру. Оған адам өзінің ерік – күшін жұмсайды, арнайы әдіс – тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылданғандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады. Қайта жаңғыртудың физиологиялық негізі - ми қыртысында бұрынғы қозулардан қалған іздердің жандануы. Қайта жаңғырту кезінде іздерді жандандыру ассоциациялар негізінде өте алады.
Ұмыту процесі - есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс. Өмірге қажет емес нәрселерді ұмытып отыру – адамның рухани дамуына көп көмегін тигізеді. Егер адам қабылдаған нәрсенің барлығын есінде сақтай беретін болса, онда кез келген ұсақ-түйектер мидың бір қалыпты жұмысын қиындатар еді.