Тақырып: «Ес және назар»
Сабақ жоспары:
Ес. Естің түрлері.
Назар.
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады.
Естің түрлері
Ойда қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді. Олар:қозғалыс, образдық, сөз-логикалық және эмоциялық естер.
1) Қозғалыс (немесе моторлық) есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, самолет жүргізу, турникке ойнау т. б.) қалыптастырудың негізі болып табылады. Мәселен, әріп таңбаларың жаңадан үйренген кезде бала жазуға қатысатын қолының қозғалыстарын есінде сақтайды.
2) Заттар мен қүбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан. кітабының мазмұнын есіне түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін көз алдына жақсы келтіре алады. Мәселен, француздың белгілі карикатурашысы Гаварни бір көрген адамын бет-ажарынан тани қоюда орасан зейінді болған. Ол көшеде серуендеп жүріп, кенеттен қасындағы жолдасына: "Қарашы, мынау адам есіңізде ме?" деп сұрайды екен. Танысы: "Жоқ, білмеймін" десе, "Қалай білмейсіз, осыдан 20 жыл бұрын пәлендей көшеде кездестірген жоқ па едік?"— дейді екен.
3) Адам ойының түрлі формаларын, (үғым, пікір, ой қорытындылары) еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау — ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөз-логикалык естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған қиынға соғады.
4) Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезімізде түрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше эсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді.
Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай
Қысқа мерзімді есте қалдыру;
Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);
Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Назар- психикалық процестердің бағдарлануын және шоғырлануын ұйымдастыра отырып, іс-әрекеттің шеңберінде тұтастай алғанда басқа да психикалық процестерді және сана-сезімді біріктіру және реттеу үрдісі. Назарлардың негізгі сипаттамалары әдетте: көлем, мұқияттылық, шоғырлану, тұрақтылық, бөлу деп аталады.
Назардың көлемі назар аударатын кеңістіктік сипат болып табылады, ол бір мезетте назар аударатын объектілер санын анықтайды.
Назардың мұқияттылығы - әсер ететін ынталандырулар жиынтығынан бір немесе бірнеше маңызды ынталандыруды таңдау мүмкіндігі. Қалғандары фон ретінде көрсетіледі. Мұқияттылық жылдамдығымен өлшенеді.
Назардың шоғырлануы - таңдалған объектілерде шоғырлану деңгейін көрсететін назардың энергетикалық сипаттамасы.
Назардың тұрақтылығы - бұл үрдістің ұзақтығын көрсете отырып, оның сақталу мерзімін көрсететін уақыттың көрсеткіші. Назардың тұрақсыздығы - бұл назар аударарлық динамикалық компонент. Оның еркін динамикалық сипаттамасы - ауысымдылық.
Назардың ауысымдылығы-саналы түрде назардың бір объектіден басқа объектіге ауысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |