«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы



бет23/27
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181715
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
«Ïñèõîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà äèôôåðåíöèàëäû ñûíà? ñ?ðà?òàðû Çåé³í ò

Төртінші кезеңінде медициналық қызметкер тағы белсенділікті өз қолына алады.Бұл тәсіл тірек-сызба арқылы аурудың жағдайын дәл анықтап,оның тұлғалық және ауруына байланысты құпияларын ашып,ем нәтижесін өсіруге болады.Клиникалық сұхбаттасу үстінде вербальді және вербальді емес тәсілдерді қолдана білу өте маңызды және мағыналы болады.Алайда,кейбір жағдайларда ,әсіресе депрессивті адамдарға және шектеулі мәлімет айтылған кезде аурудың көзіне тік қарамаған дұрыс болады.Сонымен қатар,вербальді және вербальді емес тәсілдерді қолдану, пацент проблемаларын дәл түсініп, сұхбаттасуға қолайлы жағдай тудырады.
26. Медициналық сұхбатқа кіріспе: пациентті сұрастыруға дайындық, өзара түсіністікті қалыптастыру, науқастың дәрігерге келу себебін анықтау.
Пациенттен сұрастыруды жүргізу
Дәрігердің науқаспен сәлемдесуі, таныстық, кіріспе түсініктемелері, науқастың дәрігерге әкелген мәселесін ерікті жеткізуі.Науқасты сұрастыру (ақпаратты жинау дағдылары).Дәрігер науқас туралы ақпарат білу үшін, сұхбаттасу кезінде ашық және жабық сұрақтар қояды. Науқастың айтқанындарын анықтап, өзінше талдайды.Сұхбаттасу барысында дұрыс үзіліс жасау міндетті.Кейбір жағдайларда үнсіздікті қолдану тиімді болып саналады.Кеңес беру кезінде науқастың мәселесін жіне күтетін нәтижесін анықтау керек.Науқастан алған ақпаратты жинақтап және болжам жасау керек.Науқасқа қолдау көрсетіп, сұхбатты аяқтаған жөн.
Медициналық интервью элементтері:
Интуиция-тәжірибеге не теорияға сүйене отырып тез шешім қабылдау. Симпатиянауқасқа жағымды көзқарас көрсете отырып, онымен
бірге екеніңізді көрсету. Эмпатия-науқасқа жан ашып отырып,оның жан дүниесіне
кіру.Жалпы рефлексия- өз-өзімізді тани алу. Сонымен қатар , сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің, жүріс-тұрысының ішкі себептерін ,ықпалдарын айқындау жатады.Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді. Медициналық интервьюдің мағынасы, қарапайым сұрастырудан өзгеше болады, себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар ,адам қылықтарының ,өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.Интервью барысында науқасқа осы сынды сұрақ түрлерін қойған жөн:
Ашық сұрақтар:Денсаулығыңызғы қандай шағымдар бар?
Жабық сұрақтар: Басыңыз ауыра ма?
Жартылай жабық: Стационарда не поликлиникада жатып емделгіңіз келе ма? Көбінесе дәрігерлер жіберілетін қателіктер,көзді жан-жаққа алып қашу,өктемді дауыс, тұнжырған бет әлпет,дене қимылын дұрыс түсінбеу жатады. “Дәрігер мен науқас” сұхбаттасуы жай ғана жеке дағдыларды пайдаланудан гөрі жоғары ұғымды береді. Үздіксіз тәжірибе мен өзіндік бағалау арқасында дәрігерлер, әрбір интервьюдің нақты талаптарын бір-бірімен қалайша байланыстыру керектігіне үйренеді.

  1. Дағды: « Сәлемдесу және өзін таныстыру».-Дәрігердің негізгі міндеті пациентпен дұрыс қарым-қатынас құра білу. Ең алғаш дұрыс сәлемдесу керек . Пациентпен кезіккен кезде алдымен дәрігер өзін таныстырып , пациентпен де танысуы қажет.Алғаш көріп тұрған пациентпен формальді түрде сұхбаттасқан жөн . Ал егер екінші мәрте көріп тұрса ол кезде дәрігер пациентті атымен, яғни есімімен атап сәлемдесу керек.Жас балалар келген болса олармен өз тілінде қатынас құру қажет.Науқаспен сөйлесіп отырып міндетті түрде көзіне қарап отыру керек, себебі егер олай жасамасаңыз науқас мені тыңдағысы келмей отыр деген теріс ойда қалып , өзінің жағдайын ашып айтуы екі талай. Сәлемдесіп, танысып болғаннан кейін науқасқа жайғасуды өтінеміз.Науқас еркін сөйлеп , өз проблемасын ашып айтуы үшін ол өзін жайлы сезіне білуі керек.Себебі кей науқастар ауруханада болсын , басқа медициналық мекемелерде болсын өзін еркін сезіне алмайды, өйткені ол өз денсаулығы туралы ойлап, алаңдап тұрады.Науқаспен сұхбат жүргізген кезде оның сөзін мұқият тыңдап , оның денсаулығы туралы уаймдайтын дәрігер екеніңізді сездіртіңіз . Өзіңізге үйренісіп алған соң науқастан толық әрі нақты жауап алатындай сұрақтар қоя бастаңыз . Пациенттің не қалайтынын анықтауға мүмкіндік алыңыз.Мысалы , "Бұл ауырсынуды қай кезден бастап сезіне бастадыңыз?" , "Күнделікті қандай тағам түрлерін қабылдайсыз?" деген сияқты сұрақтар қойып , өзіңізге дұрыс диагноз қоюға қажетті жауап алып , ақпарат жинау керек.Көп жағдайда науқас дәрігердің алдына келгенде өз басындағы ауыртпалықтарды , ауруы туралы айтуды қаламайды.Оған көбінесе өз сырқаты жайлы қате пікірлер немесе өз дәрігеріне деген сенімсіздік әсер етуі мүмкін. Бұндай жағдайда дәрігер психолог болуы қажет.Көзбен түсініп , науқастың іс-әрекеттерінен , мимикасынан барлығын ұғуы керек . Науқастың дәрігерге деген сенімін жоғалтып алмауы үшін науқасты тыңдай білуі керек. Науқас өзі туралы,дерті туралы айтып жатқанда оның сөзін бөлмей , мұқият тыңдау керек. Дәрігерде пациентпен сөйлесіп отырып сәл пауза арқылы сұхбат жасау керек , себебі кейде әңгімедегі кідірістер сөзден гөрі көбірек ақпарат береді және олар пациенттің жасырын толғанысын анықтау үшін өте маңызды. Көне медицинаның негізін қалаушы Гиппократ дәрігер жөнінде:“Дәрігер,егер түсі жылы және шымыр...өзін-өзі жақсы,таза ұстаса,жақсы киімі болса... Мейлінше мінезі тамаша, мырза,мәнді және адам сүйгіш болсын.”- деген.Егер науқас дәрігердің бойынан осы қасиеттерді байқаса , ол өзінің сенімді қолда екенін сезініп , дәрігерге сенім артады.Ол басындағы қолайсыз жағдайлар мен науқасы жайлы айтып,дәрігерден үлкен көмек күтеді.Осы жағдайда дәрігер сырқат сеніміне кіріп , оны дәрігердің айықтырғыш күш-қабілетінің күштілігіне иландыру керек. Ауруханаға түскен науқас пен оның туыстарын ауру диагнозы да , оның болжамы да қызықтырады.Сондықтан дәрігердің науқас туыстарымен әңгімелесуі үлкен өнерді,сыпайылықты , шеберлікті талап етеді.Туыстарына науқасқа бар жағдай жасалынатындығын , ол назарсыз және көмексіз қалмайтындығын барынша түсіндіру керек . Болжам туралы абайлап айту керек, себебі әрбір аурудың өз ағымы болады және емнің әсерінен бастапқы болжамдар өзгеруі мүмкін.Тікелей анық айту әрқашанда орынды бола бермейді және кейде туыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін.Онсызда үрейленіп тұрған адамдардың психикасын жараламау үшін әрбір сөзді салмақтап айтқан жөн.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет