Байланысты: «Психология» п ні бойынша дифференциалды сына с ра тары Зейін т
БАР ТАПҚАНЫМ ЕНДІ ИМАНҒАЛИ
19. Коммуникативті кедергілердің түрлері: стилистикалық кедергі, семантикалық кедергі, әлеуметтік-мәдени айырмашылықтардың кедергісі , қарым-қатынас кедергісі (психологиялық кедергілер), фонетикалық кедергі. Коммуникативті кедергі, бұл – реципиенттің қаламаған, жалықтыратын немесе қауіпті ақпараттың жолына қоятын психологиялық тосқауылы. Мұндай тосқауылдың айқындығы әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін, бір жағдайда ол ақпаратты тыңдаушының санасына мүлдем жібермеуі, ал кей жағдайда оны қауіпсіз ете отырып бұрмалауы немесе құнсыздандыруы мүмкін.
Коммуникативті кедергілерді тұлға үшін шын мәнінде қауіпті ақпараттардан қорғану мехнизмдері ретінде ғана қарастыру әділетсіз болар еді. Кедергілер анағұрлым қарапайым жағдайларда да пайда болуы мүмкін: ақпарат күрделі, әдеттен тыс формада берілген жағдайда, бірнәрсе коммуникатордың жек көрушілігін туғызған кезде, т.б. Хабарлама толығымен реципиентке қызықты болуы мүмкін, бірақ ситуацияның кейбір штрихтері, кейбір нюанстары оны барабар қабылдауға кедергі келтіреді. Коммуникативті кедергілердің мынандай түрлері бар:
1.фонетикалық
2.семантикалық
3.логикалық
4.стилистикалық
Фонетикалық кедергі қарым-қатынасқа түсушілер әртүрлі тілдер мен диалектілерде сөйлеген кезде, сөйлеуде және дикцияларында кемістіктер болған кезде, тілдің грамматикалық құрылымы бұрмаланған кезде пайда болады. Ол сондай–ақ, мәнерсіз сөйлеуден, жаңылтпашша сөйлеуден және сөйлеу барысында масыл дыбыстарды көп қолданудан да туындайды. Алайда, ешбір фонетикалық бөгеттер жойылмас кедергі болып табылмайды. Егер, реципиент ақпаратқа қызығушылық танытса, ол оны өте қатты тұтығып сөйлейтін адаммен әңгімелесу барысынан да, ызыңдаған, шыңылдаған радиоқабылдағыштан да ала алады. Алайда, егер ол ақпараттың маңыздылығына сенімсіз болса немесе керісінше, оның қауіпті екен-дігіне сенімді болса фонетикалық бұрмалау мен сәйкессіздік оған қажетті кедергіні туғызуға оңай көмектеседі.
Семантикалық кедергі қарым-қатынас серіктестерінің сөз мәндерінің жүйесінде кездесетін сәйкессіздіктен, елеулі айырмашылықтардан – тезаурустардан пайда болады. Семантика-лық кедергі – бұл, ең алдымен, жаргондар мен слэнгтер мәселесі. Тіпті, бір мәдениеттің шеңберінде бірнеше микромәдениеттердің болатыны, олардың әрқайсысы өздерінің «мәндер өрісін» туғызатыны, әртүрлі ұғымдар мен құбылыстарды түсіндіруде өзіндік спецификалық ерекшеліктерімен сипатталатындығы белгілі. Мысалы, әртүрлі микромәдениеттерде «әдемілік», «борыш», «жаратылыс» және т.б. сияқты құндылықтардың мағынасы түрліше түсінді-ріледі. Сондай-ақ, әрбір ортада қарым-қатынастың өзіндік мини-тілі, өзіндік слэнгі, өздерінің сүйікті цитаталары мен қалжыңдары, сөйлеу мәнерлері мен тілінің оралымдары болады. Осының барлығы бірге семантикалық кедергі туғыза отырып қарым-қатынас процесін айтарлықтай қиындатуы мүмкін. Кейбір мамандық иелеріне мұндай барьерден аттай білу өте маңызды мәселе болып табылады, өйткені олардың табысқа жетуі өзара түсінісу ситуациясын туғызу-мен тікелей байланысты. Бұл ең алдымен, педагогтарға, дәрігерлерге, психологтарға, басқару, жарнама саласындағы мамандарға қатысты. Олар семантикалық кедергінің пайда болуына өзіне тән сөйлеу ерекшелігімен себепкер болмай, адамдармен «олардың тілінде» сөйлесуі үшін бөтен семантикалық жүйелерді игере білгені жөн.
Логикалық кедергі. Ол коммуникатордың ұсынған тұжырымдарының қисыны реципиенттің қабылдауы үшін тым күрделі болғанда, я болмаса оған шалағай, оның дәлелдеріне қайшы келгендей болғанда туындайды. Психологиялық тұрғыда көптеген логикалар мен дәлелдеу жүйелерінің бар екендігін айтуға болады. Біреулер үшін ақылға қайшы келмейтіндер, ал енді біреулер үшін борыш пен моральға сәйкес келетіндер сенімді әрі ойға қонымды болуы мүмкін. «Ерлер» және «әйелдер» психологиялық логикасы, балалар логикасы, байлар мен кедейлер логикасы, сау адамдар мен ауру адамдар логикасы болатындығы жөнінде айтуға болады.
Стилистикалық кедергі. Ол коммуникатордың сөйлеу стилі қарым-қатынас жағдайына сәйкес келмегенде немесе сөйлеу стилінің реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес келмегенде пайда болады. Мысалы, қарым-қатынас серіктесі өзіне айтылған сыни ескертуді қабылдамауы мүмкін, өйткені ол ситуацияға сәйкес емес, ағайынгершілік мәнерде айтылуы мүмкін немесе ересектердің түсініксіз, ғылыми тілде айтқан қызықты әңгімесін балалар қабылдамауы мүмкін.