Мүңшыл
(сензитивті) тип — эрдайым жабығыңқы, өмір
шуағын көре алмай, шаршайды, жақындары тарапынан жақ-
сылық лебі бола қойса жайдары күйге келіп, ал оңашада қайта-
дан баяғы қара уайымға шомады.
Тартыншақ
(психоастеник) тип — шектен тыс табансыз,
үркек, адамның бэрі ол үшін күмэн, түгелдей қорқыныш
құрсауында. Осылардың бәрінен қалайда қорғану үшін ырым
сақтауға, өзінше салт, шаралар жасап әлекке түседі.
Қояншық
(эпилептоидты) тип — шектен тыс ашушаң, жұрт
пікіріне төзімсіз, қарсы сөзге шыдамсыз, отбасының билеп
төстеушісі, ұстамсыз, балағат сөзге, қол жүмсауға бейім, кейде
не күйге түскенін өзі сезбей, бас билігінен айырылады.
Арсыз
(истероидты) тип — кандай да жолмен болмасын өзіне
назар аударуға бейімшіл, өз дегеніне жетуде жөн-жосық таң-
дамайды (қаруы — өтірік, жала, арсыздық жэне т. б.).
Достарыңызбен бөлісу: |