Психология



Pdf көрінісі
бет267/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   322
2.4. Ерік құрылымы
Әрқандай ерік әрекеті өзінің күрделігімен ерекшеленеді. 
Ниеттелген максат анық болып, орындалу жағдайларына сәйкес 
эрі тікелей іс-эрекетке өтетін болса, эңгіме қарапайым ерік әре- 
кеті жөнінде болғаны. Ал күрделі ерік әрекетінде ықпал жа- 
саушы импульстер мен нақты эрекеттер арасына қосымша ерік 
бірліктері енеді. Ерік үдерісінің мэнді кезеңдері мен бөліьстерінің 
кұрамы келесідей: 1) ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу; 
2) талдау, талқылау кезеңі мен сеп-түрткілер таласы; 3) шешім 
қабылдау; 4) орындау.
Еріктік әрекет желісінің бастапкы басқышының негізгі 
мазмұны — 
ниетбелгілеу
мен 
мацсат цою.
Ниеттің бэрі бірдей 
саналы болып келе бермейді. Қандай да 
цажеттік
өз түсінім 
денгейіне орай 
цұмарлъщ
(влечение) немесе 
тілек
сипатын ала- 
ды. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бірге, 
осыған байланысты қажеттік толығымен өзіне элі түсініксіз 
болса, оның мақсатқа жету жолы мен шараларының күңгірт 
болғаны. Бұл жағдайда оны іске итермелейтін әшеін құмарлық, 
көрсеқызарлық. Құмарлықта адам өзіне бірдеңенің керектігін 
сезінеді, бірақ сол нәрсенің не екеніне көзі қанық жетпейді, 
қажеттігін нақты түсінбейді. Мұндайда «не керегін, өзі де біл- 
мейді» дейміз. Байыпталмағандығынан құмарлық іс-эрекетке 
бастау бола алмайды. Сондықтан да ол ауыспалы кұбылыс, он- 
дағы қажеттік бірде сөнеді, ал кейде анық-қанығы ашылып, нақ- 
ты тілек, ниет, арманға айналады.
Бірақ тілек ету де элі әрекетке келу деген емес. Қажеттік мә- 
нін бейнелегенімен тілекте белсенділік болмайды. 
Тілеу
— бұл 
алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіну кезеңі. Әрқаңдай 
қьшықтың сеп-түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын ті­
лек сарапталып, бағаланады; оның орындалуына кедергі не 
қолдау беретін шарттар өлшестіріледі. Тілек іс-әрекет сеп-түр- 
ткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған кажеттіктің 
айқындығымен ерекшеленеді. Ынталандырушы күшке негіз- 
делген тілек адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып, жоспар 
түздіреді, сонымен бірге ол мақсаттың орындалу жолдары мен 
құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды.


Көрінген тілектің бэрі іске аса бермейді. Адамда бір уақытта 
эртүрлі, тіпті біріне бірі қайшы келген тілектер туындап, осыдан 
қайсысына орай әрекет істеуін білмей, ол күйзеліске келеді. 
Мектепті бітіріп, қай жоғары оқу орнын тандайтынын біле ал- 
май, дағдарысқа түскен кешегі шэкірт осының мысалы.
Әрқилы қажеттіктер маңызының өзгеріске келуінен адамда 
сеп-түрткілер күресі
басталады. Бұл талас-тартыстың мэні: әлі 
бастамаған эртүрлі эрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай 
жағдайда қандай әрекетке кірісу қажеттігін таңдауға бағыш- 
талған адамның талқылау ісінің жүруі. Сеп-түрткілер таласы 
жағдайында адам үлкен толғанысқа келіл, өз санасы мен сезі- 
мінің, кара басы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама- 
қарсылықтарды жеңе алмай, өз «қалауы» мен сырттан койылған 
міндет «талауына» түседі.
Сеп-түрткілер тартысынын корытынды сатысы — 
шешім
кабылдау\
бір сеп-түрткіні қалаумен нақты мақсатқа жүгіну. 
Шешім қабылдай отырып, адам бұдан былайғы эрекеттің бэрі 
оның өзіне тәуелді екенін сезеді, бұл өз кезегінде онда еріктік 
әрекеттің ерекше сипаты — 
жауапкершілік
сезімін оятады. Ба- 
тыл шешімге келудің бірнеше жолы белгілі (У. Джеймс):
1. Саналы шешім — сеп-түрткілер бірте-бірте семіп, арасын- 
дағы бір мәнділеу баламаға аса зорлықсыз-ақ жол беруден 
пайда болады. Көзделген эрекет жайбарақат, өзінен өзі бас- 
талғаңдай сезіледі.
2. Тандау толғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып, 
тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен 
гэрі, бірін бастай салайын деп, қателікке ұрынуы мүмкін. 
Мұндайда қандай да бір кездейсоқ әсердің ыкпалында қалып, 
«не болса, сол болсын» деумен, адам өз басын «тағдырдың жаз- 
ғанына» көндіреді.
3. Ықпалды-ынталандырушы күштердің жоқтығынан, өз 
батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса, солай, ой- 
ланбай, іске құлайды, тап осы мезетте істің ақыры не болатыны 
оны қызықтырмайды. Мүндай көзсіз батылдық өте әрекетшең, 
күшті қызу қанды темперамент иелерінде болады.
4. Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі — алғашқы сеп- 
түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне де байланысты. Мун-


дайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласумен қабыл- 
данады. Адам «маған осы не болды» деумен, өзін жинақтап, 
қажетті бағыттағы әрекетке батыл кіріседі.
5. 
Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам 
белгілі бір әрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңі- 
лінде бұрын еленбей келген бір сеп-түрткіге қуат береді, осы- 
дан жаңағы сеп-түрткі басқаларын басып, эрекет көзіне айна- 
лады. Қазақтың «көз қорқақ, қол батыр» мәтелі осының айғағы.
Шешім қабылдау біршама күрделі үдеріс, оның жүрісі де 
ішкі толғаныстың үдемелі қозғалысын тудырады. Ал шешімге 
келуден, адам жеңілденіп, қанағаттану сезіміне бөленеді.
Бірақ шешімге келу элі жұмыстың орындалуын қамтамасыз 
ете алмайды. Кейде ниеттелген эрекет те іске аспайды, бас- 
тама аяқсыз қалады. Еріктік әрекеттің мәнділігі сеп-түрткілердің 
тайталасы мен шешімнің қабылдануында емес, жұмыстың бел­
гілі нәтижеге келуінен. Қабылдаган шешімін нәтижелі істе 
көрсете алған адам ғана ерік күшіне ие деп бағаланады.
Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылы- 
мына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланы- 
сты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, 
онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық 
ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты 
білдіреді. Мысалы, шэкірт келесі жылдан бастап «беске» оқуды 
жоспарлайды, яғни ниет қояды. Мұндай ниет ерікті әрекет 
жасауға жеткіліксіз. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау 
сатысын ғана байқаймыз. Жоспарлау — күрделі ой әрекетімен 
ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал- 
жабдығын іздестіру кезеңі.
Жоспар эрқилы деңгейде, сапада болуы мүмкін. Кей адамдар 
бэрін өлшестіріп, пайымдаса, екіншілер — жалпы, үстірт жо- 
спармен шектеледі. Жақын уақытта орындалатын әрекеттер 
нақты, айқын қарастырылмаса, уақыт өтумен жүзеге келетін іс- 
тер күңгірттеу болады. Жоспарланған эрекет өздігінен бола 
қалмайды, ол үшін ерік күші араласуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет