Ф изи огн ом ика
(phisis— табиғат, gnomon — білу) — адамның
сыртқы келбетіне жэне сондай келбетті түлгаларды ұқсасты-
ғымен белгілі топка біріктіріп, олардың психологиялық сипатын
анықтайтын ғылым. Адам дене бітістеріне қарай жануармен са-
лыстырылады да сол жануарға тэн мінез ерекшелігі оған таңы-
лады. Мысалы, Аристотель пікірінше, адамның мүрын танауы
өгіздікіндей жуан да қалың болып келсе, ол еріншектік белгісі;
шошқадай кең танау, жалпақ мұрын — ақымақтық; қой, ешкі
жүніне ұқсас шашты адам — үркек; доңыз, арыстан қылшық-
тарындай тіке шашты адам — ержүрек, батыл жэне т. б.
Адамның басқа да келбет көріністері (көз, ауыз, отырыс-
түрыс, т. б.) негізінде мінезді байқастыру осы физиогномика
аймағында жоғары дамыған.
Х и ром антия
(сһеіг — қол, mantia — бал ашу) — адам мінезін
алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
|