Психология



Pdf көрінісі
бет304/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   322
5.4. Мінез түрлерімен типтері
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына 
сай келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші жэне қосалқы 
болып бөлінеді. Негізгілері адамнын бағыт-бағдарын айқындауға 
ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын бе- 
реді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мыса­
лы, батылсыздық, қорқақтық және альтруистік бітістердің ал- 
ғашқы екеуі жетекші мэнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді 
келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақ- 
шыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, 
альтруистік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді 
қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам 
жасайды.


Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған 
дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мэні адам 
араласып, байланысқа келген өмірлік объекттердің маңызымен 
анықталады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл-өтірікші, 
әдепті-дөрекі, т. б.).
2. Орындалатын іс қызметіне орай (еңбекқор-еріншек, т. б.).
3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл- 
өзімшіл, т. б.).
4. Заттарға қатынасынан (жомарт ашкөз, ұқыпты-салақ, т. б.).
Аталған қатынастардың бэрінің де мінез түрінің қалыпта-
суында үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұракты, нақты 
мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға ара­
ласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғанын 
жолдастық, достық, махаббат, т. б. формаларда көрінетін ізгі 
ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ 
қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын сала- 
ды, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыкка 
келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі 
толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет 
қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, 
мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады.
Мінез эр тұлғада өзінше көрініске ие, солай да болса, оның 
кұрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге 
болады. Осыдан, мінез түрі (типі) — адамдардың кейбір тобына 
тэн қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның 
түпкі себебі — мінез тума берілмейді, эр адамның белгілі топ, 
қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай 
қалыптасады.
Мінезде жеке бітістер жэне сапалармен қатар тұлғаның қор- 
шаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тә- 
сілі — мінез типтерін ажыртуға болады. Мінез типін анықтауда 
нақты адамдар мінезінің жалпы да мэнді, өмірлік қажетгі тарап- 
тары ескеріледі. Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет