3. И кем і кем , қарам а-қ арсы лы қты
мінез адамы: көңіл-күй,
ниеттері мен элеуметтік борыштары арасыңда үйлеспестік орын
алған, шамданғыш, ұнамсыз сезімдері басым, ортақтасу қабі-
леті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді.
Бұл мінез адамдарына тэн қасиет — қоршаған дүниемен арақа-
тынасын нақты әрекет-қылык жүйесіне келтірмеген, өмір желісі
қарапайым багытты — тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікі-
рінше, қандай да күш жұмсамай-ақ бір сэтте қанағаттандыры-
луы тиіс. Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажырсыз.
Балалық шағында бұл адамдар шекген тыс мәпеленіп, төңіре-
гіндегілердің орынсыз артық қамқорлығынан дербестік қа-
лыпқа үйренбеген. Осыдан, эртүрлі кедергіден қорқады, ойла-
нып, жол іздестіруге шамасы жетпейді.
Қиыншылықтарды
абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорганыстар-
мен айналып өтуге тырысады.
4.
Тиянақсыз мінезді адам — бағыт-бағдарының тұрақ-
сыздығынан, ұстаным бостығынан төңіректегі жағдайға ың-
ғайшыл келеді. Тұлғалык деңгейі төмен. Тұрақгы мінез-құлығы
қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде коршаған ортаға ыңғай-
лану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына
сіңген мінездік көрініс.
Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайым-
дылыққа негізделген; тіршілік үшін болған эрекет-қимылы тіке,
бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-
толғануды білмейді, өз мүдцелерін шектей алмайды. Олар үшін
кедергі біреу-ақ — сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиын-
шылықтарды өлшеуге ақылы жетпейді, бар көздегені — мол,
оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта-
ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін
мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен
ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағывдыру — мұндайлардың
негізгі мінездік болмысы.
5.5.
Мінездік бітіс асқынуы
Мінездік бітіс асцынуы
(акцентуация) психологияда —
мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға
психикасының «әлсіз жерлері» формасында көрініс беруі. Мұн-
дай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір
әсерлерге өте шэмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы
қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының
ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалык мінез асңынуына тап
болтан адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық
күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің «әлсіз
жерлеріне» соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы
күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам
билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бэрін жоққа
шығарады. Кейбір адамдардың жэй эзіл немесе сын көтер-
меуі, екіншілердің — орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы —
осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай
ұнамсызжайты жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өту-
мен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз
жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға әкеледі.
|