Психология


 Мінез жэне адамның жас сатылары



Pdf көрінісі
бет308/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   322
5.7. Мінез жэне адамның жас сатылары
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын 
шешуден гэрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбылыстарды 
бақылауға бағытталады. Негізінен қоршаған орта нысандары- 
мен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мэнін түсінуге үм- 
тылады. Соған байланысты өз қылық-эрекеттерінің орынды не 
орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас 
үлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта 
игерілген тәжірибе мен тэлім бозбалалық кезеңнің түрақты мі­
нез бітістеріне арқау береді.


Бозбалалық шақтың өмірге койған талаптары өте жоғары да 
бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, 
күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған 
дүниемен белсенді араласу, тікелей 
қатынас жасау сырттай 
бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, 
зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. 
Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқаруың одан 
да күрделірек. Өмір бұркасынында эрекет ете білу алғы шарт, ал 
кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан ұтымды 
болғаны керек. Бұрын жағымды түр-түс, әуенге толы дүние 
енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндеттерге 
орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы 
жасанды бағыт нобайы құрдымға кетіп, «бақыт» мән-мағынасы 
өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұмтылыс енді «бақыт- 
сыздықтың» қорқынышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын 
қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бэрі де өтпелі. 
Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзінді дербес, 
бірде біреуге керегі жоқ дүние екеніңді сезіп, оқшаулана түсе- 
сің. Бірақ дүние жүмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті.
Адамның ендігі өмір желісі көп шарпусыз, байсалды да аң- 
дап басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан 
тұрмайтынын түсініп, адам қанағат, шүкіршілікке бой бағын- 
дыру қажеттігін аңдай түседі. Қиялдық өмірден кешегі бала 
нақты, күтілмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте бастай­
ды. Енді бозбала өзінің бар қуат-жігерін пайдалы да қажетті, 
қолынан келер іске бағыштайды. Тәжірибе, нақты іс-әрекетке 
араласудан жас жігіт, бойжеткен бұрынғы жалған түсінік, ұтым- 
дарынан арыла бастайды. Өмір енді адамға ішкі тұңғиык, тыл- 
сым тарапынан танылып, айқындала түседі. Тұлғаның әлеумет- 
тік кемелденуі байқалады. Бірақ элі де жас жігіт басқаларды 
бағалауда өз сезім өлшеміне көбірек сенеді, махаббат, достық, 
әлеуметтік қатынастардың басқа да формаларында өзінің тұл- 
ғалық бейнесін нығайта түседі.
36-40 жаста адам өмірдің жаңа сатылық деңгейіне көтері- 
леді. Осы шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл 
үдеріс алғашында рухани қүндылықтар молдылығынан онша 
байқала бермейді.


Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құн- 
дылықтары қайта қарастырылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке 
оқиғалар жиынтығы ретінде еске алынады. Тек өмірдің алғашқы 
ширегі ғана ең ұзақ, қымбат эрі бақытты көрініп, қайталана жадқа 
келе береді. Қалған шақтардың бэрі қысқа да сарсаң өмір 
күйбеңіндей көрінеді. Көп жайт естен шығады. Өткендегі 
күйзелткендер мен қинағандардың баршасы мэнін жоғалтып, 
елеуден қалады. Осы жайтты даналықпен түсінген ұлы бабамыз 
Қожа Ахмет Иассауи былай депті: «Баз кештім елу екіде 
жиғанымнан, Мал-мүлкім артық емес бір жанымнан». Ендігі 
өмірдің эр күні жылдарымдай шалт ағып, ізін жуып-шайып, 
өткеннің бэрін татымсыз күйге түсіреді. Кешкен дүние тұман- 
данып, көз алдыңнан кете бастайды. Солай да болса, кейбір ба- 
стан өткен қызғылықты оқиғалар анда-санда жылт ете, көрініп, 
көңілді рахатқа бөлейді. Осының бэрі уақыт ендігіндегі адамның 
барша «Мені» санада сақталып қалмай, оның кейбір көріністері 
ғана бекіп қалатынын дәлелдейді.
Өмірдің екінші жартысының мэні бірінші өмір бөлігінде 
топталған материалды жэне рухани қордың шамасымен күні 
ілгері анықгалады.
Адам мінезінің сан-қилы көріністері жас сатыларына байла- 
нысты әрқилы. Бұған дэлел «Диуани хикмет» шумақтары: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет