Психология


П. Брока қалады. Кейін, 1873 ж. неміс ғалы-  мы  К. Вернике



Pdf көрінісі
бет58/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   322
П. Брока
қалады. Кейін, 1873 ж. неміс ғалы- 
мы 
К. Вернике
сөз ұқпау (словесная глухота) орталығын тапты. 
Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, сырқаттарды бақылау- 
дың нәтижесіңде ми қабығының шектелген ауданшаларының 
зақымдануы белгілі жан қызметтерінің жоғалуына әкеп соға- 
тыны дэлелденді. Осыған орай бас миы қабығында нақты 
психикалық әрекетке жауапты жүйке орталықтары белгіленді.


Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде миы зақымданған жара- 
лыларды бақылау қорытындысын жасап, неміс психиаторы 
К. Клейст
1934 ж. ми қызметінің мекендік (локализационный) 
картасын жасады. Бұл картада күрделі психикалық эрекеттер бас 
ми қабығының нақты ауданшаларымен байланыстырылды. Бірақ 
көп салалы психикалық қызметтердің бас миы сыңарларының 
белгілі нүктелеріңде жайғасуы жөніндегі теориялық бағыт та 
өзінің біршама шындыққа жанаспайтындығын көрсетті. Кли- 
никалық бақылау деректерін талдай отырып, сөйлеу, жазу, оқу, 
есеп құсаған күрделі психикалық эрекеттердегі ауытқулардың 
бас миы қабығының бір емес, эртүрлі аймақтарына да бай- 
ланыстылығы дэлелденді. Керісінше, шектеулі, бір ми бөлігінің 
зақымдануынан эртүрлі психикалық үдерістер тобының да 
бұзылысқа келетіні байқалды. Мұның бэрі психикалық құбы- 
лыстардың мекенділігі туралы пікірдің мардымсыздығын ашып, 
зертгеушілерді психикалық қүбылыстар біртұтас ми қызметінің 
нәтижесі дегенге ойыстырды. Еңді ғылымдағы сан жаңалықтар 
тізбегінде 
«антилокализационализм»
(мекендікке қарсы) — 
теориялық ұғым бас көтеріп, бірақ көп оздырмай, ол да езінің 
негізсіздігін танытты.
Тек қана 
гистологияльщ
(адам, жануардың тері, ет құрылысы) 
зерттеулср мен 
физиологиялық
байқаулар бас миы қабығының 
күрделі дараланған (дифференцированный) аппарат екендігі, ми 
қабығының әрқилы аймақтарының құрылымы бір еместігі, ми 
қабығы құрамын түзуші нейрондардың әдейі «мамандан- 
ғандығы», олардың арасынан тек арнайы тітіркендіргіштерге 
немесе өте әсерлі белгілерге жауап қайтаратындары бар екені 
аян болды. Кейінгі зерттеулер бірнеше ми қабығы — қабылдау, 
сезім орталықтарының барын дэлелдеді.
Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше кө- 
лемді бөліктерге жіктеу мүмкін. Бас миы аймақтары: ми 
сыңарларының сыртқы бөлігі — желке аймақ (қарақұс), ол 
алдыңғы тарапта төбе (еңбек) аймақтарына жалғасады. Ал- 
дыңғы, аумағы бойынша ми сыңарларының ең үлкен бөлігі — 
мандай аймақ — адамда ғана жақсы дамыған. Осындай бөле- 
ктеулерге орай көру әсерлерінің анализі мен синтезі қабықтың 
желке аймағында (көру аймақғы); есіту тітіркендіргіштерінің


анализі мен синтезі — желке аймағының жоғары бөлігінде (есту 
аймағы); сезу жэне бұлшық ет-сүйек аппаратындағы тітір- 
кенулер — төбе (еңбек) аймағының алғы бөлігінде орындалады.
Адам не жануар тіршілігінде қайбір тітіркену неғұрлым 
маңызды болса, бас миы қабығының соғұрлым үлкен бөлігі осы 
тітіркенуді беретін сезім органына «жұмыс» істейді. Мысалы, 
кірпі тірлігі көбіне иіс сезуге тәуелді, сондықтан оның бас миы 
қабығында иіс сезу аймағы баршылық. Керісінше, иіс сезімін 
онша қажет етпейтін адамның бас миында иіс аймағы кіші- 
гірім бөлікпен шектелген.
Ал анағұрлым күрделі психикалық әрекеттерге байланысты 
ми қызметін бүтін, бір топ органдардың бірлігі, яғни күрделі 
қызметтік жүйе орындайды (П.К. Анохин). Мысалы, жазу не 
оқу (хат, кітап) сияқты күрделі қызметтер жүйке аймағының 
бөлінген бір көлемінде «мекендеуі» мүмкін емес. Тіпті қара- 
пайым ырықсыз қозғалыстың өзі күрделі қызмет болып, өз 
ішіне сезімдік (афференттік), сонымен бірге қозғағыш (эффе- 
ренттік) импульстердің тұтас бірлігін қамтиды.
Күрделі психикалық үдерістердің мидағы ұйымдасуын жете 
түсіну үшін адам миы қызметі жөніндегі осы заманғы ғылыми 
деректерді білу қажет. Мұндай ұйымдасу қағидаттары көрнекті 
психолог-ғалым А.Р. Лурия тарапынан нақтыланған. Жантану 
үшін өте маңызды бас миы аппараттарының қызметімен бай­
ланысты бұл қағидаттар келесідей:
- Ақпаратты қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз етуші, өз 
әрекетінің бағдарламасын түзу мен олардың тиімді қызметте 
болуын бақылайтын адамның бас миы қүрылымдары әрдайым 
бүтін бірлікте жүмыс етеді. Бірақ бұл аппарат өте күрделі эрі жете 
дараланған бірнеше бөліктерден тұрады, енді осы көп бөлік- 
тердің бірі өзінің қалыпты ісінен ауытқыса, бүтін аппараттың 
қызметіне зақымын тигізеді. Адам бас миында әдетте үш негізгі 
топ байқалады, олардың эрбірі психикалық әрекетте өзінің 
ерекше маңызына ие. Олардың 
бірі
— ақпарат қабылдап, өңдеу- 
ге; сонымен бірге бағдар түзу үдерісі мен олардың іске асуын 
қадағалап баруға қажетті ми қабығыньщ іс қуатына жәрдем 
береді. 
Екінші
топ — адамға сыртқы қоршаған орта мен өз тэні 
мүшелерінен жетіп келген ақпараттардың қабылдануы, өңделуі


жэне сақталуына байланысты үдерістерді жүргізеді. Ал 
үшін-
шісі
— әрекет жоспарын түзеді, оның орындалуын реттеп, іске 
асырады жэне табысты нәтижеге жетуіне бақылау қояды. Аталған 
үш топ бас миының оқшауланған бөлімдерінде орналасып, 
олардың үйлесімді жұмысының арқасында ғана адамның саналы 
іс-әрекеті тиімді бағытта өтеді. Сонымен, эр топтың өзіне тен 
сипаттамасы бар. Бірінші топ — ми қабығына 
қуат беру (тонус)
блогы, немесе 
энергетикалык топ.
Әрекет-қылық үдерістерінің 
өз деңгейінде орындалуы мен өзін-өзі реттеп баруы үшін ми 
қабығының куатын қажетгі дәрежеде тұрақты сақтау жэне 
қамтамасыз ету керек. Осындай куат болған кезде ғана одан тиісті 
ақпараттарды таңдап, қабылдау; олардың ісін жадында қалдыру, 
нақты әрекет мазмұны мен бағытын қалыптастырып, оның 
орыңдалуын бақылап баруы мүмкін. Бұл қағидаттардың іске 
асуы үшін ми қабығының қозу мүмкіндігі жеткілікгі деңгейде 
болуы қажет.
Ton қүрамына енген бүкіл тетіктер тобы ми қабығының 
қалыпты жүмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Оның мэні: қа- 
бықтың тұрақты қуаты, негізінен, екі себепке орай қолдау табады. 
Бірінші себеп: ми қабығының сергек қалпын сақтау үшін оған 
сыртқы орта ақпараты ізін үзбестен, легімен келіп, еніп жатуы 
лазым: мұндай тысқы эсер болмағанда, жануар мүлги бастайды, 
не ұйқыға кетеді. Сонымен, ми қабығының сергектік көзі -ағза- 
ның шеткі аймақтарынан (периферия) түсетін тұрақты тітір- 
кендіргіштер, ал бұларды жеткізетін мидың жоғары бағанасы.
Ми қабығы қуатының түрақтылығын қолдаушы екінші көз — 
бұл ағзаның ішкі зат алмасу ұдерістері мен биологиялық қуат- 
тар негізін құрайтын — 
импульстер.
Мысалы, аштықтан хабар 
беруші ағза қалпы жоғары баған жэне гипоталамус аппаратгары- 
мен реттеледі. Ми қабықша ретикулярлы формацияның (мидің 
белсенділік қуатын көтеруші нейрондар шоғы) жәрдемімен 
жеткізілген осы ағза жағдайының импульстері қабық қуатын 
төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болады. Ми қабығында 
тіл, сөз араласуымен тек адамға қатысты ең жоғары ниеттер мен 
қажеттіктерді пайда етуші ақпараттарға орай туындайтын әре- 
кет-кылық бағдарламасының қуатын сақтауда маңызға ие бол-


ған үшінші көзді де — 
бәсеңдеуші ретикулярлык формациями
атамай болмайды. Бұл ми тетігінің жұмысы адамның саналы 
әрекетімен пайда болатын күрделі ниет, ұмтылыс, қажетсінуге 
байланысты.
Сонымен, бірінші топ өз қүрамына жоғары бағана, ретику- 
лярлы формация жэне ежелгі қабықтарды қамтып, ми қабығы- 
ның жалпы сергектігіне қуат берумен қозу істерін ұзақ мер- 
зімге сақгауға мүмкіндік береді. Бұл топтың жұмысы қайсы бір 
органдармен эдейі байланыста болмай, қабықтың жалпы қуа- 
тын (тонус) ұстап тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет