Психология


Іс-эрект багдарламасын түзу, реттеу жэне бацылау



Pdf көрінісі
бет61/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   322
4.3. Іс-эрект багдарламасын түзу, реттеу жэне бацылау
ми қызметі
Бас миының үшінші блогы адамның белсенді әрекетінің баг­
дарламасын түзіп, оны реттеп және бақылап барады. Оның 
қүрамына үлкен ми сыңарларының алғы бөлікгеріндегі мандай 
аппараттары кіреді. Адамның саналы іс-әрекеті ақпаратты қа- 
былдау мен өндеуден басталып, тиісті іс жоспарын түзіп, қажетті 
ниет қалыптастыру жэне түзілген Іс-эрекеттік бағдарламаға орай 
тысқы (қозғалыс), ішкі ой-ақыл жұмыстарды орындаумен 
аяқталады. Бұл үдерістің іске асуы, керекті ниеттер мен үмты- 
лыстарды түзіп, сақтау жэне ниетке сай жасалған бағдарламаны 
орынды жерінде жүзеге келтіріп, бастапқы мақсат пен әрекет 
нәтижесін салыстыра, байқап бару үшін арнайы аппарат қажет- 
тік етеді.
Аталған қызметтердің бэрі мидың алдыңғы бөліктері мен 
олардың маңдай шектерінде іске асып отырады. Мидың артқы 
бөліктері сияқты, алдыңғылары да төмен жайғасқан ретикуляр- 
лық формациямен тығыз байланысқан. Бүл арада қабықтың


маңцай шектерінде туған импульстерді жеткізетін ретикулярлы 
формация талшықтары (өрлі және төмен бағыттағы) өте күшті 
дамып, шоғырланған. Осылардың арқасында қабықта қалып- 
тасқан тілек-ниеттердің мазмүнына сай ағзаның жалпы қалпы 
реттеліп, керек болса, өзгертіліп тұрады.
Мидың мандай шектері ен алдымен ағзаның белсенділігін 
көтеру қызметін атқарады, қабық қуатына дем беріп отырады. 
Қарқынды ақыл жұмысы ми қабығының көбірек қуатын керек 
етеді. Осындай көздер маңдай шектерінде бірдей қозып, бір- 
лікті эрекет ететін бірнеше нүктелер пайда болады.
Маңдай аймағының зақымдануынан сырқаттар тілек-ниет- 
терін ұзақ уақыт сақтай алмайды, эрекет бағдарын ұмытып 
қалады, бағдарламаға тура болмаған импульстерге қарсы тұра 
алмай, әрекетті қажеггілікке орай басқара алмайды. Мұндай 
науқастар өз назарын алдында тұрған міндетке шоғырландыра 
алмай, ойын басқа бірдеңеге ауыстырып жібереді.
Адам ми қабығының мандай шегі эрқандай іс-әрекеттің 
өзбетінше реттеу-реттелу қабілетін қамтамасыз етеді.
Біз бас миы қызметін қамтамасыз етуші топтардың қысқаша 
сипаттамасын бердік, ми қызметінің қағидаттарына тоқтадық. 
Ал енді ми қызметіне қажет нақты тетікдерді түсіну үшін, адам- 
ның психикалық өмірінің негізінде жаткан физиологиялық тетік- 
тер жөніндегі осы заманғы пайымдаулар сипатын таныған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет