Психология



Pdf көрінісі
бет88/322
Дата07.02.2022
өлшемі10,53 Mb.
#90053
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   322
бейтараптық 
сипат алады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға 
түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау 
қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне 
тікелей жеккөрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір 
келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі 
ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы жэне бір ерекше қатынастар түрі — 
бұл екі ұшты, 
ам бивалентті 
қатынастар. Мүндай ара байла-


ныстын себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы 
екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен қүрметтің қосарлана 
жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл 
төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып 
алуында біраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен- 
бірі өзара әрекетке, ортақтасуға болған өмірлік қажеттігі жа- 
тыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі керексін- 
ген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір-біріне 
бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіктері бола тұрып, 
оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да бо- 
лады. Бұл жағдайда да қатынастар узілмейді, бірақ мұндағы 
қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мэні бойынша ізгі 
адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды пси- 
хологияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   322




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет